Дәріс 3. Дайындалатын сүт. Сүттің тазалығын анықтауға арналған эталон
1. Сүттің түрлері.
2. Сүттің тазалығын анықтауға арналған эталон
3. Зауытқа сүтті қабылдаудың ережелері
Сүт өндірісі зауыттарына келіп түскен сүт МЕСТ 13264 «Сиыр сүті. Дайындау кезінде қойылатын талаптарына» жауап беру керек. Осы МЕСТ-қа сәйкес сүт:
Қаймағы алынбаған сүт (цельное молоко);
Жаңа сауылған сүт;
Жоғары сапалы сүт.
Қаймағы алынбаған сүттің химиялық құрамы: май 2,8-6%, ақуыз 2-5%, қант 4-5,5%, минералды тұздар 0,6-0,8%, тығыздығы - 1,027-1,032 г/см3. Қаймағы алынбаған сүттің сапасы май мөлшері мен тығыздықты анықтау сараптамаларымен анықталады.
Жаңа сауылған сүт - 16-18°Т қышқылдықтағы сүт, яғни сүт қышқылды ашу процесі басталмаған. Егер қышқылдығы 16°Т-тан төмен болса, онда бұл сүт маститпен ауыратын малдан алынған, ал 18°Т жоғары болу себебі, біріншіден, қышқыл жем (аллос) не жеке мал ағзасына байланысты. Осы жағдайда бақылау үлгісі алынады. Жаңа сауылған сүт сапасы қышқылдығы бойынша анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |