Дәріс Есептеуіш техниканың даму тарихы,қазіргі заманғы компьтерлердің даму кезеңдері


Есептеу техникасы мен электрондық есептеу машиналарының даму тарихы мен келешегі



бет2/4
Дата19.12.2021
өлшемі179 Kb.
#103270
1   2   3   4
Байланысты:
лекция 1 комп.арх.
тест, f60c1de349c494, f60c1de349c494
Есептеу техникасы мен электрондық есептеу машиналарының даму тарихы мен келешегі


1890 жылы американ инженері Герман Холлерит Бэббидж идеясын қосу амалын орындайтын арнайы есептеу машинасын жасауға пайдаланады . Осы машина " табулятор " деп аталады . Табулятордың есептегіштері механикалық бойынша жұмыс істегенімен , электронды импульс арқылы басқарылып отырған . әр жыл өткен сайын , соның ішінде 1902 жылы автоматты табулятор , ал 1913 жылы өзі басатын және жинақтағыш табулятор , сонымен қатар 1936 жылы перфокарталық машина , ал ең соңында 1946жылы алғашқы электронды есептеуіш - аналитикалық машина жасалды .

Есептеу техникасын жетілдіру саласы осындай жаңа бағыт алып одан әрі дами түсті . АҚШ-та 1944 жылы американ физигі Г. Г. Айкеннің басшылығымен реле жүйесі негізінде машинасы алғашқы электронды - есептеу пайда болды . Ол машина " Марк - 1 " деп аталады . Ең алғаш рет электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ- та жасалынды . Осы машина " ЭНИАК " деген атпен әлемге таралды . ЭНИАК – сөзі электрлі - механикалық реледен тұрады .

Бірінші Советтік ЭЕМ 1950 жылдары МЭСМ (кіші электрондық есептеуш машина) Киев каласының ғалымы Лебедев Сергей Алексеевичтың қолбасшылығымен құралған.

Лебедевтің басшылығымен Москвада 1962 жылы ССРО Ғылым академиясының механика және есептеу техникасы институында "МЭСМ" - жетірілдірген түрі - БЭСМ (үлкен электронды есептегіш машина) жасалып шығарылды. Бұл машина секундына 10 мың команда орындайды , БЭСМ - нің жады 39 разряды 1024 - ұядан тұрады.

1963 жылы Москвада Ю. Б. Базилевскийдің басшылық етуімен "Стрела" деп аталатын электронды - есептеу машинасы өмірге келді. Осыдан кейін де бірнеше әмбебап машиналары шығарылды. Олардың қатарына мынадай машиналар жатады : БЭСМ - 1 ; М - 2 ; Раздан ; Минск - 2 және т. б. Жатады. Бұл машиналардың элеметтік базасы - электрондық шамдардан , жартылай өткізгішті диодтардан және магнитті өзекшелерден тұрады. Бұл айтылғандардың барлығы электрондық есептеуіш машиналардың бірінші белесіне жатады.

ССРО - да 60- жылдардың басында элементтік базасы транзистордан тұратын екінші буынды электрондық есептеуіш машиналар шықты. Бұл машиналардың қатарына БЭСМ - 4 ;М - 220 ; Урал - 14; Минск - 32 т. б. жатады. С. А. Лебедев пен В. А. Мельниковтың басқаруымен БЭСМ - 6 электрондық есептуіш машинасын ерекше атауға болады. Бұл машина секундына 1миллионға дейін командалар орындайды. Осы машинаның сыртқы жады магнитті барабандарда , ленталар мен дискілерде орналастырылған , сонымен қатар онда миллиондаған байт информация сыяды. Ал екінші буындағы қуатты әмбебап электронды - есептеуіш машиналардың қатарына : Найри - 1; Мир - 1, 2 жатады. ССРО - да 70 - жылдары интегралдық микросхемаларды шығарудың іске асыруы электронды есептеуіш машиналары өндірісінің үшінші белесіне өтуге мүмкіндік туғызды.

Үшінші белестегі машиналардың элементтік базасы интегралдық схемалардан тұрады. Интегралдық схеманың барлық электрондық элементтері: диодтар, транзисторлар, резисторлар ғана материалдан (жартылай өткізгішті кристалдан , металдан немесе диэлектриктен ) жасалады. Жеке - жеке бөлшектерге қарағанда бүтін бір схеманы жасау , жеңілдеу және интегралдық схеманы автоматты түрде монтаждауға болады. Бірақ та осы жасалған пластинкалардың ұсақтығы жұмыс істеуге көптеген қиыншылықтар туғызады. Олардың электронды "миы" тек қана сандармен емес , сонымен қатар сөздермен және үлкен - үлкен текстермен де жұмыс атқара алады. Оның амал орындау жылдамдығы мен жұмыс атқару қабілеті жоғары тетіктері де сатылап емес , бәрі бір мезгілде жұмыс атқара алады және бұларға жаңа тетіктер қосылды.

Оларға - ақпаратты оқитын автомат және электрондық пульт қосылды. Экраннан машинаға өндірілетін және одан шығатын информация көрінеді және машина жадына кіреді. Экрандағы информациялардың қателерін тауып , түзетіп , өзгертіп қайта жазуға болады. Бірақ бұл машиналардың жылдамдығы жоғары болғанымен, оның кемшіліктері де бар. Оның ең басты кемшілігі - машиналардың бір түріне арналып жасалған программаның басқа топтағыларға пайдаланылмайды және бір топтағы машиналарға арналған тетіктердің өзгесіне жарамайтындығы болып отыр. Сонымен қатар математиқалық жабдықтау (программамен қамтамасыз ету ) жұмысы машиналардың өсу қарқынына сәйкес келмейді, бұл да кемшіліктердің бірі болып табылады. Бір машинаны толық игеріп үлгергенше жетілдірілген екінші шығарылып пайдаланылып жатты. Сондықтанда машиналарды практикада қолданудан гөрі , оларды игеру жұмысына көп уақыт кетеді.

Міне, осындай жағдайларды қарастырып ескере отырып , бұрынғы социалистік мемлекеттердің келісімі бойынша бір негіздегі электрондық есептеуіш машиналарды шығару туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты әрбір мемлекет машинаның әр бөлігін шығару ісімен маманданды. Бұл топтағы машинаны ЕС ЭВМ (единая серия ЭВМ ) деп аталады. ЕС - 1060 машинасының шапшаңдығы сондай секундына 1 млн команда орындайды , жадының көлемі - 8132 Кбайт.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет