Өнімдерді илеу және араластыру машиналары
Дәріс мақсаты: Өнімдерді илеу және араластыру машиналарының негізгі құрылымын оқып үйрену
Дәріс жоспары:
1. Араластыру тәсілдері.
2. Араластырғыштардың түрлері
3. Фаршараластырғыштар.
Материалдарды араластыру үшін әртүрлі араластырғыштар, миксерлар және жұмысшы органдардың көмегімен компоненттерді ыдыстың барлық көлемінде біртекті етіп араластыратын құрылғылар қолданылады. Араластыру процесі тамақ және ет–сүт өндірісінде әртүрлі эмульсия және суспензия, сонымен қатар жентектелген ет, қамыр, тәттілер массасын дайындауда кеңінен қолданылады.
Сұйық орталарды араластырудың негізгі үш тәсілі болады:
1) механикалық - әртүрлі құрылысты араластырғыштар жәрдемімен;
2) пневматикалық - сығылған ауа немесе инертті газдар жәрдемімен;
3) циркуляциялық - насостар немесе соплалар жәрдемімен.
Ауамен және циркуляциялық араластыру тәсілдері жоғары тиімділікті болып келеді, бірақ мынадай кемшіліктері бар:
1) салыстырмалы түрде көп энергия шығыны;
2) ауамен араластырғанда тамақтың /ашу/ тотығу мүмкіншілігі немесе оның жылжымалық фазасының булану мүмкіншілігі.
Араластырудың тамақ өндірісіндегі кең тараған тәсілі – механикалық араластыру. Механикалық араластыру әртүрлі құрлысты қалақтары бар араластырғышпен /рамалы, қалақты, пропеллері, турбиналы, жалпақ қалақты т.б. жүргізіледі.
Араластыру тәсілдерін, ыдыстың немесе араластырғыштың түрін, конфигурациясын, қалақшалардың формасы мен қозғалыс жылдамдығын араластырылатын массаның жағдайына, түріне және басқа факторларға байланысты таңдайды.
Сұйықта барлық массаның қозғалысында араластыру жүрмейді, сондықтан ыдыстың қабырғасында қозғалмайтын қалақшалар орнатады (1 сурет)
Кеңінен қолданылатын тағы бір түрі қалақшалары көлденең, тігінен және көлбеу орналасқан комбинирленген рамалы құрылысты араластырғыштар (2 сурет).
Араластыру процестің жүру сапасы - араластырудың тиімділікпен қолданылуында және оның жүруі үшін қойылған мақсаттың орындалуында, сонымен қатар араластыру сапасы араластырғыш құрылғылар мен аппараттың құрылысына және араласатын сұйыққа берiлетiн энергия шамасына байланысты болады.
Фаршараластырғыштар екіге бөлінеді – барабанды және қалақшалы.
Фаршараластырғыш келесідей негізгі жұмысшы органдардан тұрады: тұрқыдан, араластырғыш астаудан, қақпақтан, араластырғыш шнектер мен жетектен. Тұрқы пісіріл қосылған қаңқадан тұрады, барлық жағынан облицовалық қаңылтырлы темірмен қапталған. Қаңқа ішінде араластырғыш шнектер орналасқан және жетектер буынтықты және цилиндрлі тісті берілістерден тұрады, бұларға айналыс сыналы белдік арқыл электрқозғалтқыштан беріледі. Тұрқыға арластырығыш астау бекітілген, оның ішінде екі араластырғыш шнек орналасқан. Фаршараластырғыштың шнекттері жетекші және жетектегі шнектер болып бөлінеді. Оларға айналыс электрқозғалтқыштан сыналы белдік арқылы буынтықты беріліске беріліп одан жетекші шнектен жетектелуші шнекке цилиндрлі тісті берілістер көмегімен бір-біріне беру арқылы жүзеге асырылады. Қаңқаның басқа бүйір қабырғасында фаршты түсіріуге арналған люк орналасқан, ол фарш түсіруге арналған. Люктың шетшеті нығыз жабылуы үшін резеңке салынған және ол арнайы тұтқа арқылы бекітіледі. Араластырғыш астауды үстінен қақпақ арқылы жабады. Араластырғыш астау және қақпақ 9Т18НХ маркалы болаттан дайындалған. Фаршараластырғыш басқару пульт көмегімен жүзеге асырлады. Фарш машинананың араластырығыш астауына қолмен немесе арнайы құрал жабдықтардың көмегімен арнайы компоненттерді қоса отырып жүктеледі. Араласқан фарш люкті ашу арқылы түсіріліп алынады.
Араластырғыш өнімділігі :
;
мұндағы t=4 5мин – араластыру процесінің ұзақтығы .
t =3 мин – қосалқы операциялардың ұзақтығы .
G – бір жолғы толтыра артудың массасы көпшілік науада араластырғыштың өнімінің кг да
G=V∙ρ;
мұндағы ρ – араластырғыштың өнім тығыздығы, кг/м3 т.е. еттің ұсақталған тығыздығының зырылдауық есіктердің диаметрі шарбақта 3 мм ρ=1070 кг/ м3 .
Бақылау сұрақтары
1. Араластыру, араластырғыштарды таңдау;
2. Сұйық орталарды араластыру әдістері;
3. Механикалық араластырғыштар құрылымы мен жұмыс істеу принципі;
4. Фаршараластырғыштар;
5. Араластыру тиімділігін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |