Дәріс 1. Философия мәдениеттің өзіндік санасы ретінде. Мақсаты: философияның мәдениет жүйесінде, қоғам өмірінде, ғылым саласында алатын орнын анықтау, студенттерді философияның негізгі мәселелерімен таныстыру.
Жоспар:
1.Дүниетаным және оның тарихи түрлері.
2. Философияға анықтама. Философиялық білім бөлімдері.
3. Философияның қоғамда атқаратын қызметтері және негізгі дүниетанымдар.
4. Философияның өзіндік сана қызметі.
Философияның мәні және мақсаты. Философия – таңдау және мамандық Философияның пәні. Философияға деген екі көзқарас: философия – дүниені «ақиқат» түсіндіруге ұмтылатын теориялық жүйелерді құрастыру; философия – қызмет; дүниеге, басқаға және өзіңе қатынастың белгілі типі. Дүниеге философиялық көзқарастың сипаттық белгілері. Philosophia терминінің тарихи пайда болуы. Философ мамандығының ерекшеліктері. Философ – даналықтың білгірі және ұстазы. Өзінің ақыл-ойын еркін қолдану – нағыз философтың қалыптасуының басты шарты. Философия – философиялық білім және оқыту жүйесі Философияның дәстүрлі бөлімдері және философиялық пәндер. Философиялық дәріс және семинар сабағы. Философиядан өзіндік жұмыс. Кезеңдік, аралық және қорытынды бақылау. Философиядан дипломдық жұмыс және мемлекеттік емтихан – «Философия» мамандығы бойынша бакалавриаттық оқу үрдісінің аяқтаушы формалары. Философиялық ойдың әртүрлілігі және оның логикалық негіздемелері Философияның негізгі мәселесі. Философияның анықтамаларының, формалары мен бағыттарының көптүрлілігі. Материализм және идеализм. Философиялық бағыттар мен мектептер. Көзқарас және философия. Мифологияның, діннің және философияның арақатынасы. Философияның қызметтері: көзқарастық, болжамдық, гуманистік, сыни, рационалдаушы және жүйелеушілік. Философияның тарихи даму кезеңдері