Дәріс Философия тарихы. Шолу дәрісі



Дата07.02.2022
өлшемі358,06 Kb.
#89713
Байланысты:
Шалкиіз жырау

Шалкиіз Тіленшіұлы

Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465-1560)








Шалкиіз (Шалгез) Тіленшіұлы қазақ жыраулық поэзиясының атасы.
Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығармаларынан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикалық түсініктер көрініс тапқан.


«Асқар, асқар, асқар тау», «Ор, ор қоян, ор қоян», сынды толғауларында ерлік рухы, елдің еңсесін көтеретін асқақ сезімдер жырланады. «Алаштан байтақ озбаса», «Жапырағы жасыл жау терек», «Би Темірге айтқаны», «Би Темірді қажы сапарынан тоқтауға айтқаны» атты толғаулар негізінен шариғат жолындағы уағыз болып саналады. Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті.



Шалкиіздің өзін біз көбінесе лирикалық «мені» арқылы танимыз. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеген, турашылдығынан танбаған. Жырау туындылары көңіл пернесін дөп басар әсерлілігімен, көздегенін орып түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, асау серпімді қуатымен ерекшеленеді. Шалкиіз толғаулары, ғибраты мол әдеби мұра екендігі анық.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет