Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет19/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

 А-В- 
: 3/16,
 А-вв 
:
 
3/16, 
ааВ- 
:
 
1/16,
 аавв
деп жазады. 
Дигибридты будандастырулардың нәтижесiнен жалпы мынадай қорытынды шығады: бiр-бiрiне 
тәуелсiз ажырау гендердiң екi жұбында да жүредi, осыған байланысты екi жұп гендерi бойынша 
гетерозиготалы организм бiрдей сандық қатынаста гаметалардың төрт сортын түзедi, оның 
екеуiндегi гендер үйлесiмi бастапқы ата-аналарындағы сияқты болады да, ал қалған екеуiндегi 
гендер керi үйлеседi (
рекомбинациялық
) болады. Мендель ашқан, кейiннен сан алуан 
организмдермен жүргiзiлген тәжiрибелерде дәлелденген осы заңдылық 
тәуелсiз тұқым қуалау 
немесе 
тәуелсiз комбинациялану заңы
деп аталады. 
Бұл заңның дұрыстығын талдаушы будандастырудың көмегiмен оңай тексеруге болады. 
Өйткенi екi жұп аллельдерi бойынша гетерозиготалы организмнiң қандай гаметалар түзетiнiн және 
олардың қандай сандық қатынаста болатындығын осылайша тез анықтауға болады. 
Мендель таза сортты тегiс сары тұқымы бар 
ААВВ
бұршақ өсiмдiктерiн бұдыр жасыл тұқымы 
бар 
аавв
өсiмдiктермен будандастырып тегiс сары тұқымдары 
АаВв
бар 
F
1
 
гибридтерiн алды. 
F
1 
гибридтерiнiң генотипiн тексеру үшiн және олар түзетiн гаметалардың типтерiн анықтау 
мақсатымен Мендель анализдеушi будандастыру әдiсiн қолданады. Бiрiншi ұрпақтағы гибрид 
өсiмдiктi (
АаВв
) екi жұп белгiлерi бойынша рецессивтi бұдыр жасыл тұқымды (
аавв
)
 
өсiмдiктiң 
тозаңымен тозаңдандырғанда мынадай сандық қатынастағы төрт түрлi фенотиптiк класты алды: 
сырты тегiс сары

55; 
сырты тегiс жасыл

51; 
сырты бұдыр сары

49; 
сырты бұдыр жасыл

53,
яғни фенотиптiк кластардың өзара сандық қатынастары 1:1:1:1 болып шықты. Ендi осы 
ажыраудың цитологиялық негiздерiн қарастырайық.
Осы тұқымдардан өсiрiлген өсiмдiктер фенотипi бойынша 1:1:1:1 қатынасында ажырайды. 
Гендердiң жаңа комбинациясына сәйкес талданушы гибридтiң ұрпағында белгiлердiң жаңа 
комбинациялары - сырты тегiс жасыл және сырты бұдыр сары тұқымдар алынады. Будандастыру 
нәтижесiнде белгiлердiң жаңа комбинацияларының пайда болуы 
комбинативтiк өзгергiштiк
деп 
аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет