Дәріс Генетика пәні. Қысқаша даму тарихы. Генетиканың зерттеу әдістері. Дәрістің мақсаты



Pdf көрінісі
бет60/71
Дата08.11.2022
өлшемі1,35 Mb.
#157243
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71
Байланысты:
Краткий конс.лек. genetics

Автополиплоидия 
Автоплиплоидия немесе клеткадағы бір және сол хромосома жиынтығының 
қайталанып отыруы қарапайымдарға тән және өсімдіктерде де жиі кездеседі. 


Инфузорияның макронуклеусі жоғары дәрежеде полиплоидті екендігі белгілі. Бұл жағдай 
диплоидті микронуклеустің мейозынан және макронуклеустің дифференциясынан кейін 
заңды түрде қалпына келеді. Қарапайымдардың макронуклеусінің плоидтілігі бірнеше жүз 
және мыңнан да аса болуы мүмкін. 
Ұрпақ берудің өте аз деңгейі өсімдіктер полиплоидті үшін белгілі: ереже бойынша 
10п маңында. Сонымен құрамында екі, үш, төрт рет және т.с.с. қайталанатын бір геном 
бар, ди, три, тетраплоидтар болады. Нәтижесінде /мозаика/ сағым алынады- құрамында 
диплоидті және полиплоидті тканьдер бар особь. Полиплоидті формаларды көбінесе 
олардан өсімдіктерің әртүрлі бөліктерінің вегетативті көбею жолымен алады.
Полиплоидтерді жасанды жолмен алу үшін екі еселенген хромосоманың 
айырмашылығын жоятын агенттер пайдаланады; мысалы, колхицин алколоиді белок 
тубулинімен байланысып, веретена жібін түзе полимерленеді. 
Автополиплоидияның өсімдіктерде пайда болуының басқа жолы- редукциялы емес 
микро- және макроспора түзуі, жоғары және төменгі температураның әсерімен 
наркотикалық заттардың әрекетінен болуы мүмкін. Бұл жағдайда хромосомалар профаза 
1-де коньюгацияланбайды және телофаза 1-де бір ядроға енуі мүмкін. Ары қарай ядрода ІІ 
бөліну жүріп төрт емес екі клетка – диада түзеді, сондай-ақ мейоздың ІІ бөлінуінің 
бұзылуы мүмкін. Екі жағдайда да нәтижесіндередукциялы емес – диплоидті тозаңды 
тұқым және жұмыртқа клеткалары түзіледі. 
Полиплоидтерді кейбір жануарларданкөбінесе амфибийден алуға болады. Егерде 
жаңа ұрықтанған тритон жұмыртқасына жоғары немесе төменгі температурада әсер етсе, 
олардан триплоидті экземпляр туындайды. Олар ерекше үлкенділігімен ерекшеленбейді 
және ерте өледі. Бақалардың триплоидті бастылары табылды. 
Б.Л. Астауров жібек құртының В полиплоидті формаларын алды. Жібек құртының 
жұмыртқасын температура арқылы өңдеудің нәтижесінде партеногенетикалық дамуға 
өтеді. Кейбір жағдайда осындай әсер етудің нәтижесінде тетраплоидті ұрғашылар 
алынады. 
Хромосом жиындарының жұп саны бар балансты полиплоидтерді: - 4п, 6п, 8п және 
т.б. баланссыз полиплоидтерді тақ санды плоидті: 3п, 5п, 7п және т.б. деп бөледі. 
Балансты полиплоидті формалар өзінің диплоидті ата- тегінен үлкен 
айқындылықпен ажыратылады: жапырақтары, гүлдері, тұқымдары үлкен, өте берік және 
сабақтарыжуан болып келеді. Полиплоидті клеткалар мен оның ядросыда үлкендеу. Г. 
Де.Фриз алған полиплоидтің «мутант»болуы кездейсоқ емес. Бұл гигантты энотера кәдімгі 
формаға қарағанда /2п=24/ 48 хромосомаға ие болады. 
Бидай, тары, картоп, темекі, люцерна, жеміс ағаштары мен мәдени өсімдіктер- 
полиплоидті формалар, ал қара бидай, сұлы, қызылша – диплоидті формалар.
Барлық формалар полиплоидизацияның нәтижесінде жақсара бермейді. Мысалы: 
бидайда 42 хромосоманы екі еселегенде 84 - әлсіз өсімдік дамиды, ал тетраплоидті қара 
бидай /4п=28/ диплоидті /2п=14/ формаға қарағанда көптеген көрсеткіш бойынша жоғары 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет