Сутегi атомы үшiн есептелген спектрлердiң тәжiрибе нәтижесiмен сәйкес келуi Бор теориясының үлкен табысы едi. Бiрақ бұл әлi де стационар күйлердiң болатындығының, атом энергиясының квантталатынының айқын дәлелi емес-тiн. Атомның энергетикалық күйiнiң дискреттi болатынын алғаш рет дәлелдеген тәжiрибе – Дж. Франк және Г. Герц тәжiрибесi. 1913 жылы орындалған бұл тәжiрибеде электрондардың сынап атомынан шашырауы зерттелген болатын.
Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:
1. Ежелгі замандағы және XX ғасыр басындағы атомизм.
2. Рентгеннің ашылуы.
3. Радиоактивтіліктің ашылуы.
4. Кюри ашулары.
5. Кванттардың ашылуы.
6. Борға дейінгі атом үлгісі. Атом ядросының ашылуы.
7. Атомдардың құрылысы туралы теориялар.
8. Бор атомы. Бор теориясы. Зоммерфельд теориясы.
9. Э. Резерфорд.
10. Атом энергиясы және атом энергетикасының тарихы.
11. Қазіргі замандағы атомдық және ядролық физиканың дамуы, мәселелері.
Достарыңызбен бөлісу: |