Дәріс Инклюзивті білім берудің даму тарихы


БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың клиникалық-дефектологиялық моделі



бет19/24
Дата09.03.2022
өлшемі171,33 Kb.
#134839
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
дәрістер

БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың клиникалық-дефектологиялық моделі

БЕҚ бар балаларға қолдау көрсетумен бағалаудың әлеуметтік-білім беру моделі

«білім алуындағы қиындықтар мен проблемалар баланың бойында қалыптасқан және ол мына ұғымдарға негізделген: «мүгедек, қабілетсіз, ауытқушылығы бар» бағалау –медициналық, ал білім беру-түзету тұрғысына бағытталған [3].

«білім алуында ерекше қажеттілікке мұқтаж бала қиындыққа бейім сондықтан да белгілі бір тосқауылдарға теәуелді. Бағалау- адамның қажеттілігі, ал білім беру- білі алуға қолдау көрсету қоршаған ортаға бейімдеуге бағытталған [3].

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың табысты оқуы үшін мектеп олардың жеке ерекшеліктеріне қарай барлық қажетті оқу жағдайлары мен қызметтерін жасауы керек [4].


Сапалы білім алудың жағдайларына халықаралық қауымдастық төмендегілерді жатқызады:
- оқушылардың алауантүрлі мүмкіндіктерін қабылдай алатын мұғалім;
- білім алушының қажеттілігіне қарай білім мазмұнын бейімдеу;
- білім алушының түрлі мүмкіндіктеріне қарай оқу процесінің формасын ұйымдастыру, оқытудың көпнұсқаулығы мен амал-тәсілдерін қолдану;
- білім алушылардың жетістіктерін әртүрлі тәсілмен бағалау;
- мамандардың көмегі;
- жеке сабақтарды жүргізу үшін техникалық құралдармен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- ерекше білім беру қажеттіліктерін барлық деңгейде (орталық, аудан, мектеп) қамтамасыздандыру процесін басқару.
Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет:
- оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде;
- оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда.
Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». Егер оқушылар (ЕБҚ 2 және3 топ балалары) үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп Кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады.
Ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң болып саналады. Оқушының жетіктіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады.
Бағалау тәсілдері (рәсімдері) мен бақылау материалдарын өзгерту ықтималдылығы 2-кестеде көрсетілген.

2-кесте. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері мен бақылау материалдарын өзгерту.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет