Темперамент типі
|
Қарым-қатынас кезіндегі темперамент
|
Темперамент және белсенділік
|
Сангвиник
|
Әлеуметтік байланысты тез орнатады, әрқашан қарым-қатынастың бастамашысы болып табылады. Бейтаныс адамдар арасында ол өзін еркін сезінеді, жаңа ерекше орта оны тек қоздырады, бірақ оның адамдармен қарым-қатынасы өзгермелі және тұрақсыз болуы мүмкін. Қарым-қатынас кезінде ол стратегтен гөрі тактик. Өз іс-әрекетінің салдарын қалай болжау керектігін білмейді. Сангвиниктегі махаббат бір көргеннен, жарылғыш және белсенді түрде көрінеді. Сәтсіздіктер болған жағдайда, ол үмітін үзбейді, керісінше, өз энергиясын пайдалану үшін жаңа өріс іздейді.
|
Сангвиник оңай және тез бейімделеді, икемді, оптимист, ұстамдылық танытады, дәлдік пен объективтілікті жақсы көреді, өмір сүргіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады. Сондықтан сангвиниктерге үнемі жаңа, мүмкіндігінше қызықты, одан шоғырлану мен шиеленісті қажет ететін міндеттер қойылуы керек. Оны үнемі белсенді жұмысқа қосып, оның күш-жігерін жүйелі түрде ынталандыру қажет. Сангвиникті ұйымдастырушылық жұмысқа бағыттаған дұрыс, олардан жақсы басшылар шығарады.
|
Флегматик
|
Әлеуметтік байланыстарды баяу дамытады. Жаңа ортада ол өзін қоршалған, жабық ұстайды. Көбінде ол өзінің ойлары мен қиялдары әлемінде жалғыз болуды ұнатады. Ол тактиктен гөрі стратег. Ол өзінің сезімдерін аз көрсетеді және ұзақ уақыт бойы онымен сөйлескісі келетіндерді байқамайды. Өзіне жақын адамдарға қатысты тұрақты. Флегматик махаббат қатынастарын достықтан бастауға бейім. Осы темпераменттің бір осал жері - қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.
|
Флегматик топта емес, өз бетінше жұмыс істегенді ұнатады. Жұмыста олар сабырлы, алаңдамайды, бірақ қызметтің жаңа түріне ауысу қиын, жаңа жұмысқа үйрену көп уақытты алады. Флегматикалық адамды эмоциялармен сендіру мүмкін емес, ол тек дәлелдерді қабылдайды. Флегматик адамға белсенді қызметке араласып, қызығушылық таныту керек. Ол өзіне жүйелі түрде назар аударуды қажет етеді. Оны бір тапсырмадан екінші тапсырмаға ауыстыруға болмайды. Флегматиктерді жобалау немесе зерттеу жұмыстарына бағыттаған дұрыс.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |