1.3 Жер кадастрының құрамдық бөліктері, түрлері, принциптері
“Жер кодексіне” сәйкес Қазақстанда мемлекеттік жер кадастры келесі
құрамдық бөліктерден тұрады: жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу,
топырақтарды бонитеттеу, жерді бағалау және жер учаскелермен мәміле
жасау. Біріңғай мемлекеттік жер қоры мемлекет меншігі болып, ол жер
учаскелерін пайдалану, иелену құқығын бергендіктен жерді қалай
пайдалануы заңды түрде рәсімделіп, ал жер учаскелері белгілі территория,
жылжымайтын мүлік ретінде белгілі тәртіпте тіркелуі керек. Бұл қызметті
жер учакелерін мемлекеттік тіркеу ретінде өткізеді. Оның мәліметтері жердің
белгілі көлемін, нақты жеке немесе заңды тұлғалардың пайдалануы үшін
негіз болып келеді. Есепке алуда жер мөлшері, кеңістікте орналасуы, сапалық
жай күйі, пайдалануы бойынша сипатталады. Есепке алудағы тіркеу
мәліметтері әр нақтылы пайдаланушының, иеленушінің жер учаскенің
мөлшерлерін жазу негізін қалайды.
Жерлерді тіркеу, есепке алу жөніндегі мәліметтер жеке учаскелердің
топырақтарын бонитеттеуде бастапқы ақпарат болып келеді. Жердің сапасы
табиғи факторлармен шектелмей, экономикалық жағдайларға тәуелді болады.
Сондықтан жерді өндіріс құралы ретінде экономикалық бағалау керектігі
пайда болады. Осы бағалаудың мәліметтері тіркеу, есепке алу және
бонитеттеу мағлұматтарына сүйенеді.
ҚР Үкіметінің “Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі” туралы
қаулысы бойынша негізгі жер кадастрлық құжаттарына мыналар жатады:
1.
Жер учаскесінің жер-кадастрлық ісі;
2.
Ауданның /қаланың/ мемлекеттік жер кадастрлық кітабі;
3.
Жер-кадастрлық картасы.
Жер кадастрын жүргізу үшін қажетті құжаттардың және жұмыстардың