Дәріс жоспары балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


) Жекелеген органдар мен жүйелердің өсу және дамуының бір уақытта еместігі (гетерохронность)



бет2/7
Дата27.10.2023
өлшемі0,55 Mb.
#188886
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
balalar-aғzasynyң-өsu-men-damuynyң-negіzgі-zaңdylyқtary-zhas-kezeңdіlіk

2) Жекелеген органдар мен жүйелердің өсу және дамуының бір уақытта еместігі (гетерохронность)

  • Интенсивті даму және жекелеген органдар мен жүйелердің толық құрылуы параллельді жүрмейді.
  • Бала өмірінің алғашқы жылында бас миы және жұлын массасы біршама жоғарылайды.
  • Өмірінің алғашқы жылында лимфа тіні дамымайды, өсу және құрылу 10-12 жаста болады.
  • 12 жастан кейін жыныс органдарының интенсивті дамуы жүреді.

Жекелеген органдар мен жүйелердің өсу және дамуының бір уақытта еместігі.

  • Дененің жекелеген бөліктерінің өсуіндегі гетерохронизм дене пропорциясының өзгеруіне әкеледі.
  • Нәресте басы дене ұзындығының 1\4, ал ересектерде - 1\8 құрайды.
  • Өсу кезеңінде аяқ ұзындығы 5 есеге, қол - 4 есеге, көкірек – 3 есеге жоғарылайды.

3) Өсу және дамудың жыныспен қамтамасыз етілуі

  • Негізгі морфологиялық көрсеткіштер (бой, дене салмағы және КШ) туғаннан жыныстық жетілу басталғанға дейін қыздарға қарағанда ұл балаларда салыстырмалы түрде жоғары болады.
  • Пубертатты кезеңде қыз балалар дене салмағы, ұзындығы және КШ көрсеткіштері бойынша өздерінің құрдастарын басып озады (осы көрсеткіштердің жастық қисығының қиылысуы).
  • Ұл балаларда жыныстық жетілу кезеңі басталуымен олардың өсуі айқын күшейеді және олар тағыда қыздарды басып озады (қисықтардың екіншілік қиылысуы).

3) Жыныстық диморфизм

  • Ағзадағы эндокринді, жүйке және басқа жүйелердің іс-әрекетінде жыныстық ерекшелік көрінеді, осының әсерінен ұлдар мен қыздардың қызығушылықтары мен өзін-өзі ұстаудағы ерекшеліктер анықталады.
  • Кейбір функционалды көрсеткіштер (бұлшық ет күші, ӨӨС және т.б) өсу және даму кезеңінің барлық ағымында ұл балаларда қыздарға қарағанда біршама жоғары болып қалады.

4) Функционалды жүйелер мен ағзаның жалпы биологиялық сенімділігі.

  • Адам қанының 10 мл-де адамның барлық қанының ұюын шақыратын тромбин мөлшері бар. Тромбиннің артық құрамы ұю жүйесінің сенімділігін қамтамасыз етеді.
  • Ұйқы артериясының қабырғасы жоғары мықтылық қасиетке ие. Ол 20 атм қысымға шыдауға қабілетті, ал ол әдетте тек 1/з атм.жоғарылайды.
  • Ми қызметінің сенімділігі қорғаныш ролін атқаратын тежелуді қамтамасыз етеді.
  • Жүйелердің екі еселенуі (дублирование).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет