Байланысты: Тақырып 7 Кәсіпорын және кәсіпкерлік экономикасы 2021-2022
Лизигтің үш нысаны бар: Тік – жалға алу уақытынын соңында меншік құқығы лизинг жалға берушіге өтінуін қарастырады.
Қайтарымды – кәсіпорын өзінің мүлкін фирмаға сатады және оны қайта ұзақ мерзімге жалға алады. Лизингтік келісім шарт аяқталумен байланысты меншік құқығы жалға беруші кәсіпорынға қайтарылады. Мұндай жағдай кәсіпорынның айналым қаражаты жетіспегенде туындауы мүмкін.
Аралас – жалға беруші мен лизингтік объектісіне өз қарамағына алуда пайда болатын шығындар екі жақты бөлшектің қосылумен қарастырылады.
Лизинг объектілері құрал жабдықтар болып табылатын лизингтік операциялардың субъектілері әдетте үш жақты болады: жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы. Бұл жағдайда лизингтік келісімде келесі шарттар қарастырылады:
Лизинг алушыны жабдықтау
Жабдықтаушының тауар сапасына жауапкершілігі
Лизинг берушіге құрал жабдықтар үшін төлем ақы
Лизинг алушының лизинг берушіге жалпы қарызы
Лизинг алушының бұзылған және субъектілерінің құлдырауымен байланысты тәуекелге баруы.
Меншік құқығы лизинг алушыға жалға беру уақыты өтелген кезде және лизинг берушіге алдын ала қарызды өтелген кезде беріледі.
Лизингтік тәжірибеде жиі қолданылатын екі формасы:
Қаржылық
Операциялық
Осы 2 форманың қайсысы қолданатының лизинг алушы өзі шешеді. Екі форманың бір бірінен айырмашылығы мынада:
лизингтік операциясының субъектісінің алдына қойған мақсатына байланысты;