Дәріс №5.
Дәріс тақырыбы: Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу. Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Дәріс мақсаты: Мүмкіншілігі шектелі тұлғаларға арнайы білім беру жайында студенттерге толық мәлімет беру
Дәріс жоспары:
Зият ауытқудың дәрежелері. Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім
беру үрдісіне қосу.
2. Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларға сипаттама. Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Тірек сөздер: арнайы білім беру, кемтар бала, мүмкіндіктері шектеулі бала, түзету, толқықтыру, оңалту, коғамға қосу, олигофрения, дебильдік, имбецильдік, нақұрыстык, таным процестері.
Зиятында ауытқуы бар - орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы нәтижесінде пайда болған танымдық әрекетінің тұрақты түрде тежелуі. Ақыл-есі кемдік екі формада байқалады: олигофрения және деменция.
Ауытқудың кешеніне қарай олигофрения кезіндегі ақылдың кенжелігі үш дәрежеге бөлінеді: идиот, имбецильдік және дебильдік.
Дебильдік- бұл олигофрения ішіндегі ең жеңіл және кең түрі. Көмекші мектептердің негізгі контингентін осы дебиль балалар құрайды. Бұл балалардың механикалық есте сақтау, орташа ойлау, сөйлеу қабілеті бар, аз диапазонды эмоциялары бар, сондай-ақ қарым-қатынас жасау, оқу, ойнау дағдылары қалыптасқан. Мысалы, ойлау қабілетінің басым бөлігі көрнекі-бейнелік, талдау, топтау, салыстыру қабілеттері нашар. Оқыған мәтінді мазмұндай алмайды. Сөйлеу тілінде аграмматизм бар. Жеке тұлғаның дамуында, дүниетанымы мен көзқарастарында кемістігі байқалады. Инциатива әлсіз, танымдық қызығушылығы жоқ.
Имбецильдік (миғұла)-бұл дебильдіктен анағұрлым төмен дәреже. Логикалық процестер, талдау, ойлау қабілеттері төмен деңгейде. Сөздік қорлары аз. Кейде тек заттың атын атаумен ғана шектеледі. Олардың кейбірі көмекші мектепте оқиды, көпшілігі оқымайды. Олар еңбек етуге қабілетсіз. Бұл балалар халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қорғауында тәрбиеленеді. Кейде күрделі емес өзіне-өзі қызмет ету немесе жұмыс операцияларына үйретіледі.
Идиотия (нақұрыстық) - қабылдау қызметінің мүлде жетілмеуі. Қоршаған ортаға деген реакциясы жоқ. Немесе адекватты емес. Ойлау қабілеті жоқ, олар туғаннан өмірінің соңына дейін арнайы мекемелерде тәрбиеленеді. Жалпы кемақылы балалардың 5%-ын құрайды.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар. Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр.
Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс-әрекеттің қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар – әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және тұлғалық қарым-қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл-күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.
Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50 пайызын психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың құрайтындығы бүгінгі күні ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Дефектологтар В.И.Лубовский, К.С.Лебединская зерттеулерінде балалардың жас мөлшері бірдей болғанымен, психикалық дамуы әртүрлі болуы мүмкін екендігі, яғни, балалардың интеллектуалды қабілетінің жасына сәйкес келмейтіндігі ерекше атап көрсетілген. Психикасы дамуы тежелген (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Қ.С. Лебединская психикалық дамуы тежелген балаларды этимологиялық принциптер негізінде 4 топқа бөлген:
1. Конституциялық;
2. Соматикалық;
3. Психогендік;
4. Церебралдық-органикалық себептерден пайда болған.
Психикалық дамудың тежелуінің конституционалды түріндегі балаларға келесі сипаттама тән:баланың дамуының эмоционалдық бейнесінің төменгі даму кезеңінде қалып қоюы, көңіл-күйі мен ойынға қызығушылығы жоғары болуы, оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмен болуы. Ойынға белсенді болғанымен оқу іс-әрекетінде тез шаршайды. Сабақ барысында жалпы тәртіпке бағынбайды. Көбінесе психикалық дамудың тежелуінің бұл түрі төменгі сыныптарда , әсіресе бірінші сыныпта кездеседі.
Психикалық дамудың тежелуінің сомотегенді түрі – бұл түрі ұзақ уақытқа созылған әр түрлі себептегі соматикалық науқастар салдарынан туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулары , балалар неврозы негізінде пайда болады. Көп жағдайда мұндай балалар әлжуаз, ұяң, қорқақ және тұлғалық қарым-қатынасқа бірден түсіп кете ала алмайды. Бұл балалар оқуға қызығушылық танытады, тәртіпті, нашар баға алса қалыпты қабылдайды, бірақ тапсырмаларды баяу орындайды және көптеген қателер жібереді. Жазуды, оқуды үлкен қиындықпен меңгереді. Бірақ науқасынан сауығып, дер кезінде педагогикалық- психлогиялық түзету жұмыстарын алған мұндай балалар өз қатарын тез қуып жетеді.
Психикалық дамудың тежелуінің психогенді түрі – жанұядағы тәрбиенің жағымсыздығына және қолайсыздығына байланысты туындайды.Жанұядағы қатаңдықпен, зорлық-өомбылықпен, отбасының ішімдікке салынуының салдарынан баланың жалпы даму деңгейі төмен болады. Мұндай балаларға импульсивтілік, өзінің эмоциясы мен тілектерін тоқтата алмау, жауапкершілік сезімінің болмауы тән болып келеді. Аталған үш түрдегі психикалық дамуы тежелген балаларды жалпы мектептерде жеке бағдарламамен түзеу сыныптарында оқытып, қатарға қосуға болады.
Психикалық дамудың тежелуінің церебральды- органикалық түрінің (ПДТ-нің ең ауыр түрі) шығу тегі жүйке жүйесінің органикалық жетіспеушілігіне байланысты болып келеді. Көптеген жағдайда балаларды орталық жүйке жүйесінің органикалық өзгерістері анасының жүктілік кезіндегі десаулығына байланысты болады. Бұл түрдегі балалар арнайы мектепте оқытылуы тиіс. Ал, мектеп жоқ жағдайларда жалпы мектептерде ашылған түзету-дамыту сыныптарында оқытылады. Сонымен бұл балаларға невролог- дәрігердің көмегі қажет.
Эмоционалды- ерік сферасы зақымдалған балаларға сипаттама. Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминде қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткіліксіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек.
И.П. Лаужикас мінез-құлқында ауытқушылығы бар оқушыларды ерік және мінез-құлық қасиетіне қарай келесі үш топқа бөледі:
1. белсенді, ұтымды балалар;
2. белсенді, ұтымсыз, қозуы басым тұрғыдағы балалар;
3. енжар, ұстамсыз, тежелген балалар.
Мінез-құлқында бұзылуы бар балаларды зейінді аударатын заттардың аз орналасқан бөлігіне отырғызған дұрыс. Төмендегі орындарға отырғызуға болмайды:
-терезенің алдындағы орындар, себебі бұндай балалар белгілі бір оқу тапсырмасына зейіндерін шоғырландыра алмайды;
-ынталандырушы және дамытушы материалдар мен құралдар (плакаттар, жануарлар клеткасы, аквариум) жиналған орындар;
-есіктің жанындағы немесе сабақ кезінде жиі қолданылатын құралдары бар шкафтың жанындағы орындар, бұл балалардың зейіндерін шоғырландыруға ықпал етпейді.
Күрделі кемістік - бұл бірнеше кемістіктердің бірлесіп, баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл кемістіктердің тек қосындысы емес, оның әркайсысының қалыптасу ерекшеліктері бар. Қосылған кемістіктердің клиникалық белгілері жеке-жеке кемістіктер түрлерінің белгілерінен ерекше. Ауытқулардың құрамына байланысты күрделі зақымдануы бар балалар үш топқа бөлінеді.
Бірінші топқа жататын балаларда психикалық және физикалық дамуында негізінен ауыткудың екі түрі кездеседі. Осы ауытқулардың әрқайсысының өзі-ақ балалардың дамуын кері әсерін тигізеді. Мысалы, көзі көрмейтін - естімейтінлық, кемақыл -естімейтінлық, нашар еститін және психикалық дамуында тежелуі бар балалар.
Екінші топқа бірінші кезектегі өте ауыр кемістігі бар және оған қосымша ауытқу - жеңілдеу, бірақ ол да баланың дамуына кері әсерін тигізеді. Мысалы, кемақыл балаларда кездесетін нашар есту. Осы жағдайды кейде баланын алғашкы кемістігінің асқынуы деп түсіндіруге де болады.
Үшінші топқа - кемтар балаларда кездесетін бірнеше алкашқы кемістігі бар және кейбір жағдайда оған қосылатын асқынған кемістіктер. Мысалы, кемақыл, нашар көретін және нашар еститіп балалар; немесе қимыл-тірек аппараты зақымданған балаларда кездесетін қөру және есту кемістіктері оған косымша тіл мүкістіктері.
Күрделі кемістігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту қиындық тудырады.
Мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрдың инклюзивті сыныптaрғa қaбылдaнуы нормaтивтік нұсқaмaлaрмен aйқындaлғaн. Қaзaқстaн Республикaсы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мaмырдaғы № 499 « Жaлпы білім беру ұйымдaры (бaстaуыш, негізгі ортa және жaлпы ортa) қызметінiң үлгілік қaғидaлaрының » қaулысымен бекітілген 18) тaрмaқшaсынa сәйкес, aтa-aнaлaрдың немесе өзге де зaңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi бaсқaру оргaндaрымен келісім бойыншa білім беру ұйымдaрындa дaму мүмкіндігі шектеулі бaлaлaрмен дені сaу бaлaлaрдың бірлесіп оқитын сыныптaры (бір сыныптa дaму мүмкіндігі шектеулі екі бaлaдaн aртық оқытылмaуы тиіс) немесе aрнaйы білім беру ұйымдaрының үлгілік қaғидaлaрындa көрсетілген толымдылыққa сәйкес бұзушылық түрлері бойыншa aрнaйы сыныптaр aшылуы мүмкiн. Инклюзивті білім беретін aрнaйы сыныптaр оқушылaрдaғы aуытқу түрлері бойыншa сaрaлaнғaн, яғни:
- есту қaбілеті бұзылғaн бaлaлaрғa aрнaлғaн (ішінaрa естімейтін, сөйлеу қaбілеті қиын, бірaқ есту құрaлының көмегімен сөз қорын өз бетінше жинaқтaу мүмкіндігін сaқтaйтын бaлaлaр);
- көру қaбілеті бұзылғaн бaлaлaрғaaрнaлғaн (көру өткірлігі ерекше төмендеген нaшaр көретін 0,05–0,5-ке дейін оптикaлық түзетілген бaлaлaр);
- aуыр тіл кемістігі бaр бaлaлaрғa aрнaлғaн (бaлaлaрдың сөйлеу қaтынaсын шектейтін aуызшa және жaзбaшa сөйлеу қaбілетінің тұрaқты бұзылысы, яғни сөйлеу тілінің қaрым-қaтынaс қызметі бұзылғaн бaлaлaр);
- тірек-қимыл aппaрaтындa бұзылысы бaр бaлaлaрғa aрнaлғaн ( қимыл-қозғaлысының жaртылaй немесе толық бұзылысы);
- психикaлық дaмуы тежелген (ПДТ) бaлaлaрғa aрнaлғaн (психикaлық дaмуының қaлыпты жaғдaйдaн aуытқуы, яғни оргaникaлық минимaлды зaқымдaры немесе ортaлық жүйке жүйесінің функционaлдық кемшілігі бaр, сондaй-aқ, ұзaқ уaқыт бойы әлеуметтік депривaция жaғдaйындa болғaн бaлaлaр);
- зияты зaқымдaлғaн бaлaлaрғa aрнaлғaн (тaнымдық әрекеттерінің тұрaқты бұзылыстaры, яғни aқыл-ой кемшілігінің жеңіл және ортaшa түрі) жүзеге aсырылaды.
Қорыта келе, дәрісте инклюзивті білім беру жайында ғұламалардың
ой-пікірлері, мүмкіндігі шектеулі балалар категориясының топтастырылуы қарастырылды.
Әдебиеттер:
Малофеев Н. Н. Специальное образование в меняющемся мире. Европа. Уч. Пос. Для студентов пед. вузов.- М.: Просвещение, 2009.
Дмитриев А.А О некоторых проблемах интегрированного обучения детей с особыми образовательными потребностямя/ж. Дефектология №4, 2005.
Малофеев Н.Н. Особый ребенок – вчера, сегодня, завтра. Образование и психолого – педагогическая помощь детям с органиченными возможностями здоровья в XXI веке. Учебное пособие. ГНУ «Институт коррекционной педагогики»,2007.
Достарыңызбен бөлісу: |