10-дәріс. Тақырып: Қаржылық талдаудың негізі
Дәрістің мақсаты: студенттерге қаржылық талдау бойынша теориялық негіздерін қарастыру және түсіндіру
Дәріс сұрақтар:
1 Қаржылық талдаудың мақсаты мен міндеті.
2 Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы қаржылық талдаудың рөлі.
3 Қаржылық талдау әдістері.
Дәрістің негізгі мазмұны
Кәсіпорын қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасы мен талдауының пәні болып жұмыстың қорытындысы, оның өзгеру себебі мен болуы мүмкін экономикалық зардаптары табылады. Шаруашылық жүргізудің қорытындысы кәсіпорынның қаржылық жағдайымен, алынған пайда көлемімен (экономикалық қорытынды), өндірілген және сатылған өнім көлемімен (өндірістік қорытынды), техникалық және әлеуметтік жағдайдың деңгеймен түсіндірілуі мүмкін. Аталғандардың барлығы өзара байланысты және шарттасқан, себебі олар қаржылық, экономикалық, өндірістік және әлеуметтік салалардың да қызмет тиімділігін көрсетіп тұр.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің диагностикасы мен талдауының міндеттері олардың басқа қолданбалы салаларындағы функцияларымен байланысты пайда болады. Олардың негізгілері:
- бизнес-жоспарлар және ішкі өндірістік нормативтер құрастырудағы ғылыми-экономикалық негіздің артуы;
- еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын (бөлек немесе бірге) қолданудың тиімділік деңгейін бағалау;
- барлық қаржылық-шаруашылық қызметтің деңгейінде шығынды үнемдеу қорын іздеу;
- басқарушылық шешімдер мен жоспардың орындалуына бақылау.
Талдауды функционалды белгілеріне байланысты бөлу оған деген тәжірибелік қызығушылық тудырады, яғни оның қандай роль атқарып, міндеттерді шешуіне байланысты. Талдаудың қаржылық, басқарушылық, маркетингтік, инвестициялық, экономика-техникалық, логистикалық, функционалды-құндық және т.б. түрлерін бөліп қарастырады.
Қаржылық талдау орталық орындардың алғашқыларының бірін алады. Ол аудит және қаржылық менеджмент элементтерімен іске алады.
Оның негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық қорытындысының диагностикасы, қаржылық жағдайдың бағалануы және қаржылық қызметтің тиімділігі.
Қаржылық талдау барысында келесі сұрақтарға жауап алуға болады:
- есептік жыл барысында кәсіпорынның мүліктік потенциалы қандай және онда қандай өзгерістер туындады;
- талданып отырған кезеңде төлемқабілеттілігі қамтамасыз етілді ме;
- кәсіпорын активтерінің құрылымы қаншалықты оптималды;
- кәсіпорын қор құрылымы қандай және онда есептік жыл барысында қандай өзгерістер туындады;
- кәсіпорын төлемқабілеттілігін қалпына келтіруі немесе зиян перспективасы қандай;
- жақын және алыс болашаққа қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етілген бе;
- кәсіпорын жалдамалы құрал еліктіру дұрыс мақсат па және несие алу үшін объективті болжамдар бар ма;
- кәсіпорын алға қойған мақсатына жету үшін басқарушылық шешімдер бағыты қандай болуы керек.
Қаржылық талдаудың мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын шығарылған қорытындылар негізінде бағалау, оның жақсаруына кеңес беру. Ол ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы талдау міндеттері жинақтық ақпараттыңтұтынушылар қызығушылығы арқылы анықталады. Ішкі қаржылық талдау кәсіпорындағы қаржылық жағдайдың себептерін тереңірек зерттейді, айналым және негізгі құралдарды тиімді пайдаланады, көлем, өзіндік құн және табыс көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты қарастырады.
Қаржылық талдау жүргізбес бұрын оның мақсаты мен міндеттерін анықтау керек. Содан соң талдаудың бағдарламасы ұйымдастырылады, әдістері, мақсаттары мен міндеттерін шешуге арналған нұсқаулары, талдаудың ақпараттық базасы, өзгеріс туындаған сәтте қабылданатын шешім талаптары анықталады.
Әдістемелік талдаудың келесі бөліктерін қамтиды: есептік жылдағы қаржылық жағдайдың жалпы бағалануы және өзгерісінің жалпы бағалануы; кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс жойылуын талдау; кәсіпорынның төлемқабілеттілігін және іскерлік белсенділігін талдау; қаржылық қорытынды талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |