Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет59/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
Байланысты:
дәріс

9.4 Бейорганикалық қосылыстардың ЭД
Электролиттік диссоциация барысында түзілетін иондардың сипаты берілген электролит бейорганикалық қосылыстардың қай класына жататындығына тәуелді.

  • Қышқылдар – электролиттік диссоциация барысында сутегі катионы мен қышқыл қалдығы анионын түзетін электролиттер.

Әлсіз қышқылдар қайтымды диссоциацияланады.
Мысалы: HF  H+ + F‾; ( < 1)
1-саты: H3PO4  H+ + H2PO4 ‾ ; (1 = 210‾1)
2-саты: H2PO4‾  H+ + HPO4 2‾; (2 = 3 10‾6)
3-саты: HPO42‾  H+ + PO4 3‾ ; (3 = 2 10‾11)

Күшті қышқылдардың сұйытылған ерітінділері (шартты түрде 10%-ға немесе 0,1М дейін) қайтымсыз, ал концентрлі ерітінділер қайтымды диссоциацияланады.


Мысалы: HCl (сұйыт.)  H+ + Cl‾ ; (  1)
H2SO4 (сұйыт.)  2 H+ + SO4 2‾; (  1)
HCl (конц.)  H+ + Cl‾ ; (1 < 1)
1-саты: H2SO4 (конц.)  H+ + HSO4 ‾; (1 < 1)
2-саты: HSO4‾ (конц.)  H+ + SO4 2‾ ; (2 < 1 < 1)



  • Негіздер – электролиттік диссоциация барысында металл катионы мен гидроксид-ионы анионын түзетін электролиттер.

Әлсіз негіздер қайтымды диссоциацияланады.
Мысалы: NH4OH  NH4+ + OH‾; (1 < 1)
1-саты: Сu(ОН)2  СuОН+ + ОН‾; (1 < 1)
2-саты: СuОН+  Сu2+ + ОН‾; (2 < 1 < 1)

Күшті негіздердің (сілтілердің) сұйытылған ерітінділері қайтымсыз, ал концентрлі ерітінділер қайтымды диссоциацияланады.


Мысалы: NаОН (сұйыт.)  Nа+ + ОН‾; (  1)
Са(ОН)2 (сұйыт.)  Са2+ + 2 ОН‾; (  1)
NаОН (конц.)  Nа+ + ОН‾; (1 < 1)
1-саты: Са(ОН)2 (конц.)  СаОН+ + ОН‾; (1 < 1)
2-саты: СаОН+ (конц.)  Са2+ + ОН‾; (2 < 1 < 1)



  • Тұздар – құрамына байланысты әртүрлі диссоциацияланады:

Орта тұздар электролиттік диссоциация барысында металл катионы мен қышқыл қалдығы анионын түзетін электролиттер.
Электролиттік диссоциация қайтымсыз – (суда еритін тұздар үшін) немесе қайтымды (суда аз еритін тұздар үшін) және бір саты бойынша жүреді.
Мысалы: К3РО4  3 К+ + РО43‾; (  1)
PbI2  Pb2+ + 2 I ‾; (1 < 1)
Қышқылдық тұздар – электролиттік диссоциация барысында металл және сутегін катиондары мен қышқыл қалдығы анионын түзетін электролиттер. Электролиттік диссоциация – сатылы.
Мысалы: 1-саты: KHSO3  K+ + HSO3 ‾ (  1)
2-саты: HSO3‾  H+ + SO3 2‾ (1 < 1)

Негіздік тұздар электролиттік диссоциация барысында металл катионы мен қышқыл қалдығы және гидроксид-ионы аниондарын түзетін электролиттер. Электролиттік диссоциация – сатылы.


Мысалы: 1-саты: Cu(OH)Cl  CuОН + + Cl ‾ (  1)
2-саты: CuОН+  Cu 2+ + ОН(1 < 1)
Қос тұздар электролиттік диссоциация барысында әртүрлі металдардың екі катионы мен сол қышқылдың қышқыл қалдығы анионын түзетін электролиттер. Электролиттік диссоциация қайтымсыз және бір сатылы.
Мысалы: KАl(SO4)2  K+ + Al 3+ + 2 SO4 2‾ (  1)
Fe(NH4)2(SO4)2  Fe 2+ + 2 NH4 + + 2 SO4 2‾ (  1)
Аралас тұздар – электролиттік диссоциация барысында металл катионы мен екі түрлі қышқыл қалдықтары аниондарын түзетін электролиттер. Электролиттік диссоциация қайтымсыз және бір сатылы.
Мысалы: Ca(OCl)Cl  Ca 2+ + OCl ‾ + Cl ‾ (  1)
Комплексті тұздар – электролиттік диссоциация барысында күрделі комплексті иондар (олар катион да, анион да болуы мүмкін) түзетін электролиттер. Комплексті тұздар ішкі сфера бойынша қайтымсыз және бір сатылы, ал сыртқы сфера бойынша сатылы және қайтымды диссоциацияланады.
Мысалы: 1-саты: K2[Zn(OH)4]  2 K+ + [Zn(OH)4] 2‾ (  1)
25-сатылар: [Zn(OH)4] 2‾  Zn 2+ + 4 ОН (1 < 1)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет