3. Дәріс тезистері:
Химия фармацевтік өнеркәсібі фармацияның негізгі бір саласы. Ол шикізатты химиялық өңдеу әдісімен бірдей, дәрілік препараттарды биологиялық синтездеуді кеңінен қолданатын өндіріс комплексінен тұрады.
Замануи химия-фармацевтік өнеркәсібінің даму спецификасын анықтайтын бірнеше ерекшеліктер бар, олар:
шығарылатын өнімнің химиялық тазалығы;
тері асты, бұлшық етке, күре тамырға қолданылатын дәрілік препараттардың стерилдігі;
дәрілік препараттардың басым бөлігін аз көлемде өндіру;
дәрілік құралдардың синтезі көп сатылы және күрделі болуына байланысты, шикізат пен материалдар шығынының көп болуы;
ө ндірілетін дәрілік препараттардың нометклатурасы салыстырмалы түрде тез жаңартылады;
Дайын дәрілік түрлерді өнеркәсіптік өндірісі стандартты жазылымдар бойынша дайын дәрілік препараттарды сериялы жаппай өндіру үшін машиналар, аппараттар, ағымдық механикаландырылған және автоматтандырылған линияларды қолдану қарастырады.
Дәрілік түрлердің көп болуына және оларды өндіру үшін операциялардың әр түрлі болуына байланысты фармацевтік өнеркәсіпте еңбекті бөлу цехтік прицип бойынша ұйымдастырылады.
Цехтік принцип - өнеркәсіпті мамандырылған өндірістік бөлімдер комплексі түрінде ұйымдастыру болып табылады. Цех біртектес процестерді орындауға экстракциялау, бөлшектеп өлшеу немесе бір типті өнім шығаруға бейімделген өнеркәсіптің негізгі өндірістік бөлімі. Орындалатын тұрмыстық сипаттамасына қарай цехтар: негізгі, көмекші және қосымша болып бөлінеді.
Химия фармацевтік өнеркәсібінде дәрілік препаратты өндіру үшін қолданылатын технологиялық операцияларды шартты түрде 3 жіктеледі:
дайындық операциялары;
дәрілік препаратты алудың негізгі процестері;
қорытынды және қосымша толықтыру операциялары;
Дайындық операцияларына: консистенциясы әртүрлі (қатты, газ, сұйық) заттарды тасымалдау, сақтау, ұнтақтау, майдалау, тұндыру, бөлу, фильтрлеу, центрифугалау, суыту, кристалдау жатады.
Дәрілік препараттарды алудың негізгі операциялардың құрамына термияық, электрохимиялық, биологиялық процестер және т.б. кіреді.
Соңғы қорытынды сатысында дәрілік препараттарды кептіру, майдалау, таблеттеу, ампулалау, бөлшектеу және орамдау процестері жүргізіледі.
Дәрілік препараттарды дайындау ерекшеліктеріне сәйкес химия фармацевтік өнеркәсіптерді бірнеше топқа жіктейді:
Синтетикалық дәрілік препараттар дайындау зауыттары;
Антибиотиктер дайындау зауыттары;
Галенді және дайын дәрілік түрлерді дайындау зауыттары.
Синтетикалық дәрiлік құралдарды өнеркәсіптік өндірісінде дәрілерді органикалық синтез жолымен алу қолданылады.
Антибиотиктер дайындау бойынша кәсiпорындарды ерекше топқа бiріктірген. Бұл осы препараттарды алуды технологиялық процестің негізі биологиялық синтез болуына байланысты.
Галенді және дайын дәрілік түрлер өндірісі бойынша зауыттар көп мөлшердегі дәрілік түрлердің әртүрлі (экстрактар, тұндырмалар, ампулалар, таблеткалар және т.б.) болуымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |