Санитарлық қадағалау жоспарлы түрде немесе жоспардан тыс өтуі мүмкін.
Жоспарлы санитарлық қадағалау жыл бойына құрастырылған және жергілікті басшылармен бекітілген жоспар бойынша бақылау шараларынан тұрады. Бір бақылаудың өту мерзімі 1айдан аспауы қажет.
Жоспардан тыс санитарлық қадағалау: авария,технологиялық процестердің өзгеруі, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына туындайтын қауіп қатерлер, қоршаған ортаның ластануы, санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуына байланысты тұрғындардан, заңды тұлғалардан және жеке кәсіпкерлерден шағым түскен кезде жүргізіледі.
Санитарлық қадағалаудың объектілері:
өндірістік бөлмелер және технологиялық процестер;
жеке қорғаныс құралдары;
санитарлы-тұрмыстық бөлмелер;
сумен жабдықтау және канализация;
жылыту және вентиляция;
өндірістік жарық;
жеткізілетін шикізат;
өнім;
өнім мен шикізатты сақтау жағдайлары;
тасымалдау;
өндірістік қалдықтарын, қолданбаған өнімдерді жою реттілігі;
өндірістік алаңы, санитарлық зоналардың топырағы мен ауасы;
еңбек және демалыс тәртібін ұйымдастыру;
тамақтануды ұйымдастыру;
медициналық байқаулар ұйымдастыру;
қызметкерлер мен жұмысшыларды аттестаттау;
Дәріханаларды санитарлық қадағалау 25.03.2002 № 9 бұйрыққа сәйкес, ал химия фармацевтік өндірістерде ҚР ДСМ 8 шілде 2005 ж. № 334 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |