Дәріс кешені Пән – Фармацевтік гигиена негіздері Мамандық



бет14/29
Дата26.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#105884
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
метод-лек-Фарм-гиг-Фармация-каз

А мпулалық дәрілік түрлер өндірісінің технологиялық процесі фармацевтік зауыттардың ампулалық цехтарында орындалады. Ампулалар дайындаудың өндірістік циклі келесі негізгі операциялардан тұрады:

  • ампулаларды дайындау;

  • шаншуға арналған ертіндіні дайындау және ампулаларды толтыру (амулалау);

  • ампулаларды дәнекерлеу;

  • стерильдеу;

  • маркалау;

  • орамдау;

Ампулалық цехтарда шаң-тозаң жиналатын жерлердің аз болуына қолға алынады, тазалығы бақыланып отыратын ауа жіберу қамтамасыз етіледі, жоғарғы қысым, белгілі температура мен ылғлғалдылық бір қалыпта ұсталып отырады. Ампулалық цехта жұмыс істеу кезінде әсер ететін өндірістік зияндылықтарға: шу, көмірқышқыл газы, жоғарғы температура, әйнектің сынығынан жарақат алу, химиялық заттардың шаңы, ампулалардың сапасын бақылау кезінде мөлдірлілігін анықтау да жарықтың көздің көру қабілеіне кері әсері және т.б. Өндірітік зияндылықтардан сақтану үшін жұмысшылар жеке гигиенасын және техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауы қажет.

Химия фармацевтикалық өнеркәсіптерінде еңбек жағдайларын сауықтыру бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі: технологиялық процестерді жетілдіру; автоматтандыру құралдарын қолдану; құралдарды қашықтан басқару (дистанционды); өндіріс бөлмелері мен қондырғыларды дұрыс жоспарлау; тартып-сору вентиляциясын қамтамасыз ету; жеке басты қорғау құралдарын қолдану; қызметкерлердің денсаулығын сақтау бойынша емдік-профилактикалық шаралар жүргізу (медициналық бақылаудан өту).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет