ТІКЕ ЖӘНЕ ЖАНАМА ӘСЕРІ
Тікелей (біріншілік) әсері- дәрілік заттың мүшенің жасушасына тікелей әсері нәтижесінде мүшенің атқаратын жұмысының өзгеруі (жүрек гликозидтері жүрек жиырылуын күшейтеді, яғни миокардтың бұлшық ет жасушаларындағы Nа+,К+,АТФ- азаны блоктауарқылы, зәр айдаушы дәрілер бүйрек өзекшелеріндегі су және иондар реабсорбциясын бұза отырып, диурезді көтереді.
Жанама әсері (екіншілік)- дәрілік заттардың алғашқы мүшелермен функциональды байланысты өзге мүшелердің жасушалары мен мүшелеріне әсер беруі (жүрек гликозидтері зәр айдаушы әсер көрсетеді, себебі жүрек жиырылысын күшейтеді→бүйректе қан ағысын жақсартады→зәрдің түзілуі мен фильтрацияны жоғарылатады. Жанама әсер етудің мысалы, рефлекторлы әсер- яғни мүшелердің қызметінің сезімтал нерв ұштарын стимуляциялау нәтижесінде өзгеруі. Нерв ұштарының деполяризациясы импульсты түзеді, ал импульс рефлекс доғасы бойынша нерв орталықтарының қатысуымен атқарушы мүшелерге беріледі. Экстрарецепторларың қозу нәтижесіндегі рефлекторлы әсер- тері тітіркендіргіштері, интеррецепторлар- қақырық түсіруші, құсу, өт айдаушы, тамырдың хеморецепторлары- аналептиктер, поприорецепторлар- қаңқа бұлшық еттерінде миорелаксанттар.
Достарыңызбен бөлісу: |