Дәріс кешені Пән: Фармакотерапия Коды: ft 3220 Мамандығы: 051103 «Фармация» Сағат саны: 135 (3 кредит)



бет25/63
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#82094
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
фармакотерапия лекции

Берілу синдром
Берілу синдромы реакцияларды және процесстерді басатын дәрілік заттарды тоқтатқаннан соң басқарушы процесстер мен жеке реакциялардың тежелуі негізінде дамиды. Аурудың өршуі және функцияның суперкомпенсациясы жүреді. Ұйқы шақырушы дәрі- барбитурат қышқылының туындысы тез ұйқының гипногенді жүйесін басады. Емді біткеннен соң тез ұйқының салдары және оның ұзақтығы көбейіп, науқастар қорқынышты түстер көреді және ұйқы оларға демалу сезімін бермейді. Стенокардияны емедегенде β-адреноблокаторларды ұзақ тағайындағанда миокардта жаңа β- адренорецепторлар түзіледі, препаратты қабылдауды тоқтатқаннан соң норадреналин медиаторы және адреналин гормоны бұрын болған «жаңа» адренорецепторларды қоздырады. Науқастарда жүректің оттегіге сұранысы жоғарылайды, стенокардияның жаңа ұстамалары пайда болады, типті миокард инфарктісі дамиды.
Доғару синдромы
Доғару синдромы дегеніміз белгілі бір функцияларды тежейтін дәрілік заттарды қабылдауды тоқтатқаннан соң жасушалар мен мүшелердің қызметінің жетімсіздігі. Доғару синдромы глюкокортикоидтарды (преднизалон, метил преднизалон, дексаметазон) тоқтатқаннан соң дамиды. Бұл препараттар қанда жоғары концентрацияны түзіп, кері теріс байланыс принципі бойынша гипофизбен АКТГ түзілісін тежейді. Нәтижесінде бүйрек үсті безінің екі жақты атрофиясы дамиды. Глюкокортикоидтарды қабылдауды тез тоқтату өткір бүйрек үсті безі жетімсіздігіне алып келеді. Доғару синдромының алдын- алу мақсатында дәрілік заттардың дозаларын біртіндепазайтып, баяу тоқтатады.
Сенсибилизация
Сенсибилизация дәрілік заттарға аллергиялық реакциялар түрінде білінеді. Аллергияның айқындылығы дәрінің және оның метаболиттерінің химиялық құрылысына, препараттың сақталу мерзімдеріне, аурудың өзіндік реактивтілігіне байланысты. Белсенді антиген детерминанттары- амин топтары құрамында бар бензол сақинасы (новокаин, сульфаниламидтер, натрий п- аминосалицилат), β-лактам сақинасы (пенициллиндер, цефолоспориндер, пиперидинді және пиперезинді гетероциклда, нейролептиктерде) антигендер қызметтік ацетилденген ақуыздар атқаруы мүмкін. Дәрілік затқа болатын аллергиялық реакцияның 4 түрін ажыратады:

  1. Түр (реагинді) бұл реакцияны В1- витамині, новокаин, пенициллиндер, стрептомицин дамытады. Бұл препараттар иммуноглобулин Е бөлінуін күшейтеді, иммуноглбулин Е бұлтты жасушаға бекіп, аллергиянық медиаторларының- гистамин, сератонин, лейкотриендердің бөлінуін күшейтеді. Жедел гиперсезімталдылық дамиды (тері бөртпелері, ринит, конъюктивит, бронхоспазм, анефилоксикалық шок);

  2. Түр (цитотоксикалық)- бұл G,М иммуноглобулиндердің және комплементтің қан жасушаларымен әсерлесуі нәтижесінде дамиды. Бұл жағдай қанның формалы элементтерінің лизисіне әкелуі мүмкін. Метилдопа- Гемолитикалық анемияға, хинидин- тромбоцитопенияға, бутадион- агронулоцитоздың дамуына әкелуі мүмкін;

  3. Түр (иммунокомплексті)- парацетамолды, хинидин, аймалин, пенициллиндерді, сульфаниламидтерді, изониазид, метотрексат, ретинолды қабылдағанда дамиды. Нәтижесінде G және М иммуноглобулиндері, байланыстырушы комплемент түзіледі. Иммунды қосылыстар тамырлардың базальды жарғақшасын және эндотелиді зақымдап, гистамин, серотониннің бөлінуін күшейтеді, кинин жүйесін белсендіреді, тромбоциттердің агрегациясын күшейтеді, сарысу ауруы (лихородка, лимфаденопатия, васкулит, артрелгия, артрит) дамиды.

  4. Түр (баяу дамитын гиперсезімталдық)- 24-48 сағаттан соң кезекті дәріні қабылдағаннан соң дамитын иммунитеттің клеткалық звеносының белсенденуі. Аллергияның медиаторлары сезімтал макрофактормен және Т-лимфоциттертерге дәрілік затты жаққанда дамиды және контакты дерматит белгілерімен білінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет