Гематоэнцефалалық және гематоофтальмалогиялық қорғаныстар Гематоэнцефалалық қорғаныс 2 қабатты эндотелиоциттердің қабатынан, базальды қабықтан (талшықтар, перициттер) және астроциттер жиынтығынан тұрады. Капиллярлар саңылауларсыз эндотелийаралық байланыс түзеді. Эндотелий аралық байланыстың беріктігі жоғары молекулалық ақуыздар кадгериндермен қамтамассыз етіледі. Мидың капиллярларларының эндотелийі пиноцитозға қабілетті емес. Перициттер бұлшық еттер тәрізді базальды қабаттың тонусын қамтамассыз етіп, жиырылғыш қызмет атқарады. Бұл жасушалардың аминопептидозасы пептидті құрылысы бар нейромедиаторларды ыдыратады. Перициттер өсу факторына жауапты және эндотелий регенерациясын жылдамдатады. Астроциттер жиынтығы астроциттер өсінділерінен тұрады және гематоэнцефалалық қорғаныс бетінің 85-90% бетін жауып тұрады. Астроциттер көп қызметтер атқарады. Олар нейромедиаторлар алмасуын және мидың иммунды жауабын реттейді, миелиннің синтезіне және иондардың белсенді тасымалдауына қатысады. Астроциттерде ерігіш пептидті фактор өндіріліп шығарылады, бұл фактор эндотелийдің тығыз байланысының құрылуына қажет. Гематоэнцефалалық қорғаныстың мұндай құрылысы бас миының барлық бөліктеріне тән, тек қана гипотатоломус- гипофиз аймағында базальды мембрананың капиллярлық кеңістігі бар. Гематоэнцефалалық қозғалыста негізгі мәндері бар ұғымдар:
Микроқұрылыстық организация;
Гидрофильді қосындылардың тасымалдануына кедергі келтіруші эндотелийдің жоғары электрлік беріктігі;
Пиноцитоздың төмен белсенділігі;
Қорғаныс ферменттерінің және рецепторлардың арнайылығы.
Гематоэнцефалалық қорғаныс арқылы ақуызбен байланыспаған, мөлшерлері 10-15 нм аз молекулалар өтеді. Тасымалдау түрлері- майда ерігіш заттардың қарапайым диффузиясы, глюкоза, амин қышқылдардың, кальций, магний, иод иондарының жеңілдетілген диффузиясы, белсенді диффузия. Осмостық белсенді зат (магний) гематоэнцефалалық қорғанысты зақымдап, ми ісігін күшейтеді және миға эндогенді улы заттардың түсуіне қажетті жағдай туғызады. Менингитте, арахноидите, гипоксияда, бас-ми жарақаттарында, шок кезінде гематоэнцефалалық қорғаныстың өткізгіштігі жоғарылайды. Ауыр менингококты менингитпен ауыратын науқаста мидағы рифампиуинның мөлшері 26%- ті құрайды, орта ауырлық дәрежесіндегі менингитте- 14,3%, жеңіл менингитте- 5,2%- ды құрайды. Дәрілік заттардың мидан алынып тасталуы жұлын сұйықтығы ағысымен жүреді немесе ми қарыншаларының тамыр өнімдерінің қатысуымен жүреді.
Гематоофтальмикалық қорғаныс қан капиллярлары және көз алмасындағы ішкі көздің сұйықтық арасында болады. Көз ортасына майда еритін препараттар жақсы ене алады.
Ұрықтың өтуі мен дамуын бұзатын дәрілік заттар