Дәріс 2. Қазақстанның географиялық жағдайының экологиялық
зерттеулері.
Негізгі сұрақтары:
1. Қазақстанның географиялық орны мен табиғат жағдайларының
әртүрлілігі
1. Минералды шикізат ресурстарының байлығы мен оны игерудегі
табиғатпен арақатынасы
2. Антропогендік әсердің табиғи ортаға төзімділігі
ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны
игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың
тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге
алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп,
әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми
біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы
болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған
елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай
ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады.
Табиғатқа техногендік қатынас – рухани қанағаттану құралы ретінде емес,
қайта өндірістік қажеттіліктерге тікелей бағытталуы ХХ ғ. бірінші
жартысындағы еуропалық мәдениет дамуының басты көрінісі болды.
Ғылымға озық технологиялық табыстары мен жетістігіне сүйенген
дүниежүзілік өнеркәсіптің қарқынды дамуы, адамға әлемді сезінудің
оптимистік түрі, табиғатты игерудегі қабылеті мен мүмкіндіктерінің мол
екендігіне сенімі артып, соған тән сипаттардың туындауына қызмет етті.
Адам өз болмысының ғаламат ғарыштылығын сезінді. Бірақ ХХ ғ.,
европалық мәдениетке біртіндеп енген техногендік өркениет өзімен бірге
адамзат қоғамына жағымсыз дағдарысын да ала келді.
Бүгінгі күні әлемдік мәдениеттің тағдырына екі көзқарас – оптимистік
және писсимистік пікірлер қалыптасқан. Алғашқыларының сендіруінше
әлемдік мәдениет дұрыс жолмен даму үстінде, келешекті ғылым мен
техниканың дамуы, ақпараттық құралдардың жетілуі рационалды
ұйымдасқан экономиканың өсуімен байланыстырып, батыс мәдениетінің
архиптік құндылықтары батыстық өмір сүру тәртібі ең дұрысы деп
есептеледі. Сонымен бірге, ХХ ғ. басында антропоцентризмнің дағдарысы да
басталды деуге болады. Орыстың ойшыл-философтары (Н.А.Бердяев,
Е.Н.Тругецкой, С.Л.Франк т.б.) айтуынша индивидуализм, қоғамның
атомдануы, өмір талғамының тоқтаусыз өсуі, соған сай жоғары технологияға
негізделген өнеркәсіптің қарқынды дамуы, тұрғылықты халық саны мен
тұтынушы қажеттіліктің шексіз өсуі, рухани өмірдің бәсеңдеп, сенімсіздіктің
пайда болуы – адам өмірінің сипатын, оның стилін өзгертіп, табиғат
ырғағынан айырып, индустриалды-капиталистік жүйенің қалыптасуына алып
келді.
Ал,
мәдениеттер
арасындағы
көзқарастың
өзгеруі,
әртүрлі
сәйкессіздіктің туындауы, Ф.Ницше айтқандай, «барлық құндылықтарды
қайта бағалау» қайта қарауға тура келіп, ол қазір өте тұрпайы түрде жүзеге
асуда.Машиналар мен техниканың қарқынды дамуы және олардың адамзатқа
билігі тарихта екі дүниежүзілік соғыстың болуын, әлеуметтік капитализмнің
ерекше дамып, ашаршылық пен құлақ естімеген ауруларды, атомдық қатерді,
күрделі экологиялық және антропологиялық дағдарыстарды, адамгершілік
пен моралдық жалпы руханилықтың дағдарысын тудырды. Қазіргі заманғы
көптеген ойшылдар М.Хайдеггер, К.Ясперс, Л.Мэмфорд және т.б. мәдениет
пен өркениеттің дағдарысын озық техника мен жоғары технологияны
орынсыз қолданумен байланыстырады.
Ресейлік ғалым В.А.Лекторскийдің пікірінше «Дамудың біржақты
технологиялық, технократтық ізбен сипатталатын қазіргі мәдени ахуалда
толыққанды гуманитарлы білімі жоқ адам тұлға ретінде жеткіліксіз және
сыңаржақты болып табылады. Ал ең бастысы ол – догматты болады» деп
көрсетті.
XX ғасырдың басында антропоцентризм – адамның дүниедегі ерекше
орны, адамның табиғатқа, қоршаған ортаға үстемдігін орнату жайлы ілімнің
іске асуында дағдарысты құбылыстар айқындала түсті. Қайта өрлеу дәуірінде
басталып, өз заманында қоғамдық дамудың ең негізгі мақсаттарының бірі
болып саналған бұл көзқарас, біздің заманымызда адамзат әлеміне өзге
орынсыз зиянды жағдайларды қоса тудырды деуге болады. Адам қоғамда әрі
жасампаз жасаушы, әрі талқандаушы ролін атқарып отыр.
Антропоцентризм қағидаларына ойланбай жүгіну болашақта адам мен
дүние арасындағы дағдарысты шиеленістіріп, тіпті жалпы адамзат әлемінің
жойылып кетуіне қатер төнді.
Бұрынғы
гуманизм
жетістіктерінің
дағдарысқа,
күйзеліске
ұшырағандығын айта келіп Н.А.Бердяев адам мен қоршаған орта арасына
қарама-қарсылық антропоцентризм көзқарасына адамның табиғатқа үстемдік
орнатуындағы менменшіл, озбырлық қасиеттеріне алып келгенін атап
көрсеткен. Адамдардың барлық мәселелерді шешуде алдымен мәдени,
рухани құндылықтар тұруын ойлауға тиіс екендігіне мән береді.
Ал адам мен қоғам арасындағы шиеленіс идеясын дәлелдеп,
толығырақ анализ жасаған неофрейдизм бағытының негізін қалаған Э.Фромм
өзінің психоанализ түсініктмесінде қазіргі адамның жағымсыз агрессиялық
қасиеттерін – қирату, талқандау іс-әрекеттерін көрсетіп, олардың өз өмірін
құрбандыққа шалу сияқты және басқа да жат қылықтарға мінездеме берген.
Адамзат тарихындағы өткен кезеңдерге қарағанда ХХ ғасырда осы
жағдайлар бұқаралық құбылысқа айналды. Қазіргі адамның «күнәсі» өте көп,
айтайық, адам табиғатқа дұшпан, қоршаған ортаға зорлық-зомбылық,
руханиятсыздық, кең масштабты әскери қақтығыстар т.б. жатқызады.
Бұдан құтылу үшін Э.Фромм адам өмірінің мән мағынасы, моральдық
және этикалық нормаларына сүйеніп, адам қалай өмір сүру керек, ол үшін не
істеуі керек деген мәселелерге тоқталып, әрбір адам оны өзінің ішкі
қасиеттерінен іздеуді және оны дамытуды ұсынады. Адамның гуманистік
бағыттағы шекті мүмкіндіктерін дамытуға шынайы өмір сүрудің әдіс-
тәсілдерін игеруге ықпал жасау қажеттігіне мән береді.
Осы заманда, қазіргі адам табиғи адамзаттан айтарлықтай өзгеріске
ұшырады деуге болады. Бұл өзгерістер оның тек әлеуметтік мінездемесіне
ғана емес, биологиялық сапасына да әсер берді. Қазіргі адамдағы осындай
өзгерістер өмірдегі заңды процестерге байланысты, ол постиндустриалды
өркениетінің басталуына (ғылыми-технологиялық қоғам) соған сәйкес
ноосфералық мәдениеттің қалыптасуына әкеп саяды.
Ғылыми-техникалық прогресстің адамның ой-өрісіне тигізетін ықпалы
және
әсері
өте
жоғары.
Техникалық
машиналар
мен
өндіріс
технологиясының қарқынды дамуының нәтижесінде ақырындап «табиғи»
(биосфералы) адам өзгере бастады. Алғашқыда эволюциялық табиғи дамуда
мыңдаған жыл адамға қолайлы орта болғандығы белгілі. Қазір жағдай
басқаша. Енді баяу өтетін табиғи уақыттың орнына, динамикалық әлеуметтік
өмір келді. Техника өсті, өнеркәсіп дамыды. Халық үлкен қалаларға
шоғырлана бастады. Осының салдарынан адамның тұратын табиғи ортасы
міндетті түрде жасанды ортаға жол бере бастады. Адамзат тарихында
техникалық дәуір басталды. Н.А.Бердяев өзінің «Адам және машина» атты
жазбасында осы дәуірді мәдениеттің тоза бастауы, өйткені материалдық зат
адамнан жоғары тұрады деген болатын. Дүниені техникализациялау
дегеніміз ол тіршілікке аяушылық жоқ дегенді білдіреді, өйткені ол – адам
баласына жат құбылыс. Н.А.Бердяевтың айтуынша, техникалық дүние өзінің
белгілі бір жоғары даму сатысында, өзін жасаған адамға қарсы шығады да
оған ешқашан бағынбайды деген болатын. Оның ойынша техника тән мен
рухты және әртүрлі тарихи кезеңдерді айырып, бір-біріне қарама-қарсы
қоятындығында. Ол адамға өлшеусіз құдіретті күш сезімін беріп, оны сыртқы
дүниені экспансиялауға итермелейді. Осы тұста адамның табиғаты және
рухани өмірі, көңіл-күйі зақымданады деп көрсеткен болатын.
Осы өмірдегі қазіргі адамның болмысын сипаттай келе неміс философы
К.Ясперс жазған «индустриалға дейінгі» техникалық дәуірге дейін адам өзін
аспан-көк және жермен біргемін деген сезімде болғандығын айтқан. Бұл –
қайталанбас өмір, «табиғи» адамның дүниесі. Ал қазіргі жағдайда біртұтас
ортаның экологиялық өзгеріске ұшырауы нәтижесінде адам бұрынғы өз
табиғи тамырларын жоғалтқандай әлсізденеді. Осы жағдайдан қалай шығуға
болады? Ясперстің пікірінше, бұл – қазіргі жағдайдағы адамзаттың негізгі
мәселесі. Ясперстің айтуынша, «табиғи емес» адам дүниесіндегі
«ноосфералық» адам өз өмірінің иесі емес. Ол табиғатқа рақымсыз алып
механизмнің бір бөлшегі болып табылады. Адам техногендік қоғамның бір
бөлшегі ретінде әртүрлі қызметтерге, жаңа техникалық мамандықтар
қызметіне ұсақтанған, бірақ іскерлік қабілеті бар және ереже бойынша іс-
әрекет жасауға ұмтылатын жан. Оның өмірін бұқара және құдыретті
мемлекеттік аппарат билеп (қадағалап), еркін таптап, оның өмір сүру
еркіндігінен айырады, бұл құбылыстың бағытын өзгертуге шамасы болмайды
деген қорытындыға келеді.
Ол жаңа қалыптасқан техногендік әлем табиғи адамды дағдарысқа
әкеледі. Ғалымдардың зерттеуі барысында, қазіргі адамның өзі техникалық
құрылым немесе машинаға ұқсастығын айтады. Өзінің іс-әрекеттерінде, өмір
салтындағы әрекетін өзі сезінбей, техногендік ортаның қолдану іс әрекет
аясының даму заңдылықтарының қисынын өзінің ойына келтіреді, соның
ықпалында болады. Технологиялық адам ең жоғарғы махаббат сезімі,
қайғыру және басқа адам сезімдерінің жоқтығымен белгіленеді, олардың
орнына робот - техника жасайтындай күнделікті орындайтын жұмыстарға
бөлінеді. Роботқа ұқсас адам бағдарлама бойынша немесе басқа адамның еркі
бойынша жұмыс істейді. Оның рухани өмірінің орнына автоматикалық
реакция келіп, оның көзқарасы техноцизм, ал мақсаты жасанды комфорт,
өмірі жасанды организмге ұқсас болады. Техника өрісі адамды, оның негізгі
табиғи қызметі еркін еңбектен, белсенді әрекет пен адамдар арасындағы
өзара рухани қарым-қатынасынан айырады. Адамдардың ой-пікірлері
біртіндеп техникалық машиналардың ойлау деңгейімен ауысып жатқанын
байқайды.
Осындай зерттеулердің негізінде келешектегі ғаламдық дамудың
маңызды бағыттары ретінде мыналарды атап көрсетуге болады: мал
шаруашылығы мен егін шаруашлығын арттырудың дәстүрлі емес жолдарын
тауып, комплексті жүргізу арқылы ауылшаруашылық өндірісін қарқынды
дамыту; энергетикалық қуаттың жаңа тиімді көздерін (термоядролық, жел,
су, күн сәулесінен алынатын басқа) іздестіру мен оны игеру; әлемдік
мұхиттың шикізат ресурстық әлеуетін тиімді ысырапсыз меңгеру; ғаламдық
экологиялық проблемалардың міндетті түрде шешілуін реттеп, адамзат өмір
сүруінің табиғи жағдайын жақсарту; бүгінгі күнде адам өмірі мен
денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті аурулар қатарын жеңу;
базасында көптеген құнды заттарды алуға болатын ғарыштың бейбіт
индустриалды өндірісін меңгеріп, интернет, ғаламтор жүйелі байланыстың
сан түрін қарқынды дамыту және т.б.; қоғамды компьютерлік техниканың,
коммуникацияның барлық құралдарының қарқынды дамуы негізінде
электрондық ақпараттандыру, ақпараттарды принципті түрде жаңа
тәсілдермен жеткізу, сақтау және қалпына келтіру мәселелеріне көңіл бөлу;
қазіргі қоғамның қажеттерін қамтамасыз ету.
Осыған орай ғылыми-техникалық өрлеудің ғаламдық мәселелерді
шешудегі күшейіп келе жатқан орны мен ролін баса айтуға болады. Ғылым
мен техниканың дамуын адам мүддесіне сай бағыттау біздің өркениетімізге
қауіпі бар жалпы планетарлық сипаттағы шиеленісулерді шешуге деген
ұмтылыстың ізгіліктік векторын анықтайды және олардың тиімді шешімінің
әдіснамалық бағдары болып есептеледі.
Қоғамның құрып кетпей аман қалуының ең қажетті шарты ғаламдық
мәселелердің шешу жолдарын табуда әлем мойындаған сапалы жолды «жаңа
гуманизм» қалыптастыру, адам санасында төңкеріс жасалу қажет. Бұл
дегеніміз адамның құндылық жүйесі мен ұстанымдарын, адамдардың
психологиясы мен көзқарастарын, олардың менменшілдіктен арылып,
сыртқы дүниеге және бір-біріне деген гумандық қарым-қатынастарын ретке
келтіру болып есептеледі. Адамзат қоғамының тұтастығын ескеріп, адамға
өзінің таусылмайтын келіспеушіліктен тойымсыз тәбетін шектеп, табиғатты
ретсіз бұзып, талқандау арқылы бағындыру психологиясынан бас тартудың
уақыты келді. Оның орнына басқа проблемаларға, айтайық, салауатты рухани
жағына көңіл бөлген жөн. Барша тіршілік формасындағы өмірді табиғи өз
қалпында сақтауға тырысу, қамқорлық жасау.
Қазір адамзаттың аман-сау қалу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік
мол. Осы өзіндік рухани және практикалық тәжірибені табиғи ортаға
икемдеп, адам мен әлемнің үндестігін табу; жаңа өмірге жаңа ғасыр дамуына
сәйкес адамзат парасаттылығының күш жігерін тиімді тіршілік формаларын
жұмсау, жоғары мәдениетті, жаңалыққа құштар, әлемнің тұтастығын,
қоғамның даму бағытын түсінетін, ғылымды, озық техника мен
технологияны игерген, білімді, салауатты өмір салты мен рухани гумандық
көзқарасы мол жаңа адам тәрбиелеп шығару.
Ғылыми білімдер өмірде іске асса ғана олардың практикалық мәні,
өмірде маңызы болады. Ғылыми теория жаңалығы практикада әбден
тексерілген білімнің іске асыру тәсілін, яғни өркениетті қоғамның
материалдық және рухани қажеттілігін анықтап, өндірісте ғылыми-
техникалық танымды тиімді қолданудың негізін жасайды. Ғылыми-
техникалық таным дамуының қайнар көзі адамның өндірістік қызметінің
өзгерістерінде, қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне байланысты. Осы
жағдайды зерттей отырып объектісін, танымдық мақсаттарын анықтап, жаңа
терең күрделі теорияларды игеруге мүмкіндік жасалады. Адамзат қоғамының
ғылыми теория мен практиканың бұл диалектикалық бірлігі бірін-бірі
толықтырып, ғылыми-техникалық танымның түпкі мақсаты табиғаттың
тылсым күштерін ашып, қоғамға, адам игілігіне ізгілікті (гуманды) қызмет
жасату болып табылады.
«РИО+20» халықаралық конференциясы осы шешімді дамытуда. БҰҰ
бас хатшысы Пан Ги Мун осы саммиті ашу барысында болашақ ұрпақ үшін
әрекет жасауға және жеке мүдделерге жүгінбеуге шақырды. Ол адамзат үшін
жаңа кезең басталып жатыр, әлеуметтік-экономикалық дамудың бұрынғы
моделі енді тиімсіз, өйткені, халық өсіп келе жатыр және ресурстар көп
қажет етіледі деп басып айтты.
Осыған байланысты үлкен үміт «жасыл экономика» тұжырымдамасын
іске асырумен байланысады, ол шын мәнінде, жалпы тұрақты даму идеясын
нақтылайды, ұзақ уақыттық даму проблемасының экономикалық, әлеуметтік
және экологиялық тұстарын біріктіреді, сонымен қатар, ұрпақтар арасындағы
ресурстарды бөлудің әділ бөлу приницпін ұстанады.
2012 жылғы «Біз қалайтын болашақ» конференциясының қорытынды
құжатында жасыл экономика тұрақты даму және кедейлкті жою
мәнмәтінінде қоршаған ортаға зияндарды азайтумен, табиғи ресурстарды
ұтымды пайдаланудың жалпы қабілеттілігін көтереді, ресурстарды
пайдалану тиіміділігін арттырады және қалдықтар санын азайтады. «Іскерлік
және өнеркәсіптік орталар тиісті түрде және ұлттық заңнамаға сәйкес
тұрақты дамуға ықпалын тигізсін әрі жасыл экономиканы дамыту, және одан
кеңірек – жалпы тұрақты даму страгиясын әзірлесін» деген ұсынымдар
айтылған.
2008 жылы пайда болған және әлі күнге дейін басылмай отырған
әлемдік дағдарысқа тән үш приницпиалдық ерекшеліктерді ескеру маңызды.
Бірінші. Бұл дағдарыс нарықтарда ірі қаржылық институттарынан
басты сілкіністер басталғандықтан және нақ осы салаға алғашқы дағдарысқа
қарсы үкімет шаралары бағытталғандықтан, біз басында ойлағанымыздай,
тек қаржылық қана емес. Бұл дағдарыс экономикалық (немесе қаржылық-
экономикалық), оның түбірі экономикалық өндірістің бүкіл процесіндегі
қайшылықтарда. Және жинақталған терең қайшылықтар тез шешілмейтіндігі
белгілі, ол жою туралы сөз қозғамақ бұрын, тіпті өз табиғатын ашуға дейін
ұзақ уақытты талап етеді.
Дағдарыстар үздіксіз және тұрақты экономикалық даму қажеттілігіне
қайшы келетінін оқиға болып табылмайды, өйткені, айналымдылық –
экономикалық динамиканың органикалық құрамдасы. Экономикада уақытта
түрлі айналым көкжиегі бар тұрпатты толқынтәрізді процестер зерттелген
және сипатталған, және олар айналымдардың конфигурациясын белгілейтін
факторлар тұрғысында өз түсінігін табаы. Бұл: көтерілулер мен
құлдыраулардың қысқа мерзімді ауысымдар - Дж.Китчин циклдары
(ұзақтығы 3-4 жыл); орта мерзімді циклдар, мысалы, К.Жюгляр циклдары
(ұзақтығы 7-10 жыл); Саймон Кузнецтің (ұзақтығы 18-25 жыл) шығарылған
циклдары және соңында, «ұзын толқындар» делінетін Н.Д.Кондратьевтің
ұзақтығы 40-60 жылдағы циклдары. Қазір пайда болған әлемдік дағдарысты
түсіндіруде кейбір зерттеушілер, Жюглар мен Китчиннің циклдарының
құлдырап келе жатқан бөліктеріне «салуды» ескере отырып, мәнмәтінінде
кондратьев циклдарының логикасын табуға тырысады. Алайда, осы ой үшін
дұрыс дәлелдемелер әзірге жоқ.
Қазіргі заманның ең беделді ойшылдарының бірі Йель университетінің
профессоры Иммануил Валлерстайн жасаған дағдарыс масштабын бағалауға
байыпты қарауға дәлел бар: «Әлем батып бара жатқан дағдарыс әлі ұзақ
жалғасады және оның түбі терең. Ол салыстырмалы түрде экономикалық
тұрақтылықтың ең соңғы тірегі – резервтік валюта ретіндегі, сақтау мен
жинауға кепілдік беретін америкалық доллардың ролін құртады. Және бұл
жағдай болғанда, кіші елдерді айтпағанда, АҚШ-тан Қытайға дейінгі,
Франциядан Ресей мен Бразилияға дейінгі әлемнің барлық биліктерінің
басты проблемасы жұмыссыз қалған еңбекшілердің және өз жинақтары мен
зейнетақыларынан айырылатын қабаттардың наразылықтарынан сақтану
қажеттілігі туындайды. Халық ызасын басу үшін биліктер ақша басып
шығаруға және протекционизмге дейін барады, олар қорғанудың бірінші
ролін ақарады. …Осындай шаралар билік қауіптенетін қатерлерді кейінге
қалдыра алады, және қарапайым адамдардың мұқтаждығын аз уақытқа
жеңілдетеді. Бірақ түптің түбінде олар тек жағдайды нашарлатады. Жүйе
тұйыққа тіреледі, одан әлемнің шығуы өте қиынға соғады. Бұл тұйық уақыт
өткен сайын жабайы тербелістерге ұшырайды, іс жүзінде экономикалық,
саяси сияқты қандай да бір қысқа мерзімді болжамдардың мәнін жояды. Ал
бұл, өз кезегінде, жалпыға ортақ үрей мен қарапайым халықты бөтендетуді
үдетеді».
Екінші. Дағдарыстың шығу тегі жаһандық, өйткені, капиталистік
шарауашылықтандырудың қазіргі жүйесінің
Достарыңызбен бөлісу: |