дәріс. Математикалық сауаттылық слайдтар



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі137,62 Kb.
#80294
1   2   3   4   5
Байланысты:
4-дәріс. Математикалық сауаттылық

 
5-слайд.
Математика әлемдегі барлық техникалық ғылымдардың және технологиялық 
құрылғылардың негізін қалайтын іргелі ғылым болып табылады. Сондықтан математиканы 
оқытуда қолдану үшін ұсынылатын бірқатар нұсқауларға назар аударыңыз:

Оқушылардың есеп шартында берілген барлық сөздердің мағынасын түсінетініне 
көз жеткізіңіз.

Математикалық ережелерді зерделеуге ерекше көңіл бөліңіз, есептердің 
сипаттамалары, формулалары, теңдеулер және шешу жолдары – осының барлығы 
математика ғылымының негізгі құралдары болып табылады.
Оқушыларға негізгі 
құралдарды табысты меңгеріп, тиімді қолдануды үйретіңіз. 
Оқушыларды 
сұрақ қоюға және қойылған сұраққа жауап беруге
дағдыландырыңыз. 
Сұраққа жауап іздеу балалардың ақыл-ойын жауап беруге және мәселенің шешімін табуға 
жұмылдырады.
- Оқушыларды 
ынтымақтастықта жұмыс істеуге және өзара көмекке
дағдыландырыңыз. Оқушылардың барлығы бірдей математикаға бейім болмауы мүмкін, 
сондықтан оқушылардың математиканы түсінуі және меңгеруі үшін әртүрлі әдіс-тәсілдер 
мен стратегияларды тиімді қолдану қажет.
- Оқушыларды 
өз пайымдауларын толық немесе әр қадам сайын жазып отыруға
дағдыландырыңыз, бұл шешу қадамдарын, іс-әрекеттерді еске сақтауға және өз қателерін 
анықтауға көмектеседі. 
- Оқушыларды 
сабақ тақырыбына қатысты барлық есептерді шығаруға
дағдыландырыңыз. Бұл оқушылардың қандай есептерді шешуде қиындықтар туындайтынын 
анықтауына мүмкіндік береді. 
6-слайд
. Оқушыларыңызға мынадай нұсқаулар беріңіз: 
- Оқушыларды 
шешімі табылған және тексерілген есептерге қайта оралып 
отыруға
дағдыландырыңыз, әсіресе, өздері қате жіберген және мұғалім түзеткен есептерді 
зерделеп отыру дағдыларын қалыптастыру керек. 
- Оқушыларға 
үйде орындау үшін сараланған тапсырмаларды ұсыныңыз
, бұл 
оларды күрделілігі әртүрлі тапсырмаларды өз бетінше орындауға дағдыландырып
математика ғылымының алдындағы қорқынышын сейілтеді. 
- Оқушыларды 
өзінің есепті шешу жолдарын көрсетуге және өз дәлелдерін негіздей 
білуге дағдыландырыңыз.
- Оқушыларды 
есепті шешудің өзіндік тәсілдерін табуға ынталандыруды және 
ерекше шешу жолдары үшін мадақтап отыруды ұмытпаңыз.
 
Құрметті әріптес, модуль тапсырмаларын орындауда табыс тілейміз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет