Дәріс Мәліметтердің моделдері мен типтері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата28.07.2022
өлшемі411,77 Kb.
#147834
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс №3

Файлдық құрылым мәліметтері.
Қазіргі ақпараттық технологияларда мәліметтер 
қоры үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорының пайда болуынан бұрын файлдық 
құрылым мәліметтері пайда болған.
Мәліметтерді жинақтау, сақтау және өңдеудің тәсілдері, әдістері есептеу 
техникасының өзгеруімен қатар өзгеріп отырды. Бірінші және екінші буындардағы 
компьютерлерде мәліметтер файлдар түрінде сақталатын және бұл файлдардағы ақпаратқа 
қол жеткізу біртіндеп іске асырылатын, оның себебі жинақтағыштардың магниттік 
таспалар болуымен байланысты болды. Үшінші буындағы ЭЕМ-де магниттік барабандар 
мен дискілердің пайда болуымен файлдық құрылым мәліметтеріне қол жеткізу еркін іске 
асырылып, қажетті ақпаратқа тікелей қол жеткізуге мүмкіндік туды. Бұл мәліметтерді 
өңдеу тиімділігін едәуір арттырды. Үшінші және төртінші буындағы ЭЕМ-дерде бір 
мезгілде мәліметтер файлдарымен қатар мәліметтер қоры пайда болды.
Файлдық құрылым мәліметтерінің мәліметтер қорына қарағанда бірнеше 
кемшіліктері бар. Файлдық құрылым мәліметтерінің негізгі кемшіліктері төмендегідей: 
-
мәліметтердің шектен тыс көп болуы; 


-
мәліметтердің нашар бақылануы; 
-
мәліметтерді басқарудың жеткіліксіз мүмкіндіктері; 
-
программистердің еңбек шығындарының көптігі болып табылады.
Мәліметтердің шектен тыс көп болуы файлдық құрылым мәліметтерін 
пайдаланатын қосымшалардың тек өз мәліметтерімен ғана жұмыс істейтіндігімен 
байланысты. Сондықтан әртүрлі қосымшалардың мәліметтер файлдары бірдей ақпаратты 
қамтуы мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі қосымшалардағы мәліметтер арасындағы 
үйлесімділікті сақтау үшін файлдың біріндегі ақпаратты өзгерткен жағдайда басқа 
файлдардағы сәйкес ақпаратты да өзгерту қажет. 
Мәліметтер файлдарындағы ақпарат тұтастай алғанда өзара байланыспаған, бұл 
мәліметтерді бақылау ісін қиындатады. Мәліметтер файлдарында бақылаудың осылайша 
әлсіз болуы әртүрлі қосымшалардың бірдей мәліметтерге әртүрлі мағына беруінде жатыр.
Файлдардағы мәліметтердің арасында байланыстардың болмауы мәліметтерді 
жеткіліксіз басқаруға және тіпті басқарудың мүмкін еместігіне әкеледі.
Қосымшалар мен мәліметтер файлдарын пайдалану барысында оларды өзгертіп, 
түрлендіру қажеттілігі туындайды. Ол үшін программаны қайтадан жазып, мәліметтерді 
құрастыру қажет, бұл программалаушылардың біраз еңбек етуін талап етеді.
Мәліметтер қоры. Негізгі ұғымдар.Ақпараттық технологияларды мәліметтер қоры 
үлкен роль атқарады. Мәліметтер қоры дегеніміз – белгілі бір сипаттамасы (құрылымы) 
бар, өзара байланыса сақталатын ақпараттар жиынтығы.
Мәліметтер қоры бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынынан тұратын 
нысандарды сипаттауға арналған. Мысалы, нысан ретінде өндірістік ұжым бола алады. 
Бұл нысанның элементтері (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы 
және т.б. сияқты қасиеттерге ие.
Мәліметтер қорларында келесі ұғымдар қолданылады:
өріс – нысанның белгілі бір қасиетін сипаттайтын ең кіші ақпарат бірлігі; 
домен – өрістің қабылдайтын мәндерінің жиыны; 
мәліметтер қорының құрылымы – өрістердің жиынтығы; 
жазба – нысанның бір элементі үшін өріс мәндерінің жиынтығы;
мәліметтер қорының файлы – сипатталатын нысанның элементтеріне сәйкес 
келетін жазбалар жиыны.
Мәліметтер қорының файлдық құрылым мәліметтерінен басты айырмашылығы – 
мәліметтерді ұйымдастыру тәсілінде. Әдеттегі файлдар өзара байланыспаған мәліметтер 
элементтерінің қандайда бір тізбегі ретінде физикалық тұрғыда ұйымдастырылса, ал 
мәліметтер қоры берілген сипаттамаға сәйкес ұйымдастырылады және жекелеген 
элементтерінің арасында байланыс болады. 
Мәліметтер қоры мен файлдың тағы бір айырмашылығы – мәліметтер қорының 
сипаттамасы сол мәліметер қорымен бірге сақталатындығында. Файл күрделі құрылымды 
болуы мүмкін, алайда бұл құрылымды анықтау сол файлдың ішінде емес, сол мәліметтер 
файлы жасалынған және қолданылған программаларда орналасады. Мәліметтердің 
сипаттамасы мәліметтер қорының өзінде сақталатын болғандықтан, ол мәліметтер 
қорымен бірге тасымалданып, осы мәліметтер қорын пайдаланатын программалардың 
қарамағына беріледі.
Файлдағы мәліметтерді сұрау кезінде, жалпы жағдайда сұралып отырған ақпарат 
көлемі мен орнын беру қажет, яғни физикалық ұғымдармен жұмыс істейсіз. Мәліметтер 
қорында мәліметтер қорының құрылымына сай ақпараттың белгілі бір типі, мысалы 
мекен-жайы сұралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет