Дәріс Оқытудағы мультимедиа және оны математиканы оқытуға қолдану жолдары. Математика пәнінің ақпараттық-коммуникациялық ортасы


компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі28,08 Kb.
#120551
1   2
Байланысты:
Дәріс 6 ЕП-20-1к1,1к2

 компьютерде жұмыс істеу дағдысы бар мұғалім мультимедиялық проектор ережелерімен және интерактивті тақтамен таныс болуы қажет.
Үшіншіден, білім беру өнімдері бар цифрлық компакт-дискілер болуы қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйе қолданылатын сабақтар мұғалімнің орнын баспайды, керісінше, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты неғұрлым мазмұнды, жеке тұлғалы және әрекетті етеді. Электрондық оқыту машинасын математика сабақтарында қолдану уақытты үнемдейді, оқушылардың түрткісін (мотивациясын) және оқу-танымдық үдерістің тиімділігін арттырады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы.
Оқу үрдісінде жана ақпараттық технологияларды енгізу ісі математика сабағында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды.
Қазіргі уақытта сабақ барысында интерактивті құралдарды кеңінен қолданады. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, компьютерлік бағдарламалардың қолданылуының үш негізгі формасын бөліп алуға болады:
1) компьютерлік қолдаумен жүретін сабақтар;
2) оқушылардың бағдарламамен өздік жұмысы;
3)қашықтан оқыту (мұғалім мен оқушының компьютерлік торап арқылы өзара іс-әрекеті).
АКТ-ны қолдану сабақтарында басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Осы көрсетілген мәселелерден компьютерлік бағдарламаны қолдану сабақтарын дайындау әдістемесі мынадай кезеңдерден тұратынын айтуға болады:
- мұғалімнің міндеттерді қоюы (конкретті сынып бойынша берілгендерді талдау, тұтас сыныппен және жеке оқушылармен жұмыс формалары мен әдістерін айқындау);
- компьютерлік бағдарламаның әзірлемесін дайындау бойынша немесе дайын білімдік цифрлық ресурсты пайдалануы бойынша мұғалімнің өздік жұмысы;
- дайындалған бағдарламаны сабақтың әр түрлі кезеңдерінде пайдалану;
- тестілеу құралы көмегімен тесттік бақылау жүргізу (тақырыптық, аралық, сабақ қорытындысы бойынша);
- оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы өздік жұмыстары үшін бағдарлама енгізу;
- осы сыныптағы келесі сабақтың мазмұнына түзету енгізу мақсатында сабақты талдау, мысалы, не игерілмегенін, оған кейін қайта оралу қажеттігін анықтау.
АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы (жазбаша жұмыстың болмауы) арқасында материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді.
Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді.
Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады.
Қажетті жағдайда, мұғалім тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Проектор құралы экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Перде экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартта оқушылар активті қаламның көмегімен жұмыс жасай алады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Интерактивті тақтада кескінді түрлі – түсті айқын, ұқыпты оңай көрсету;
2. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзету;
3. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдану;
4. Сабақтың өнімділігі артады;
5. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- алған білімді жүйелеу ;
- өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
- оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс жасағанда әдістемелік көмек беру.
Осы технологиямен жұмыс жасау арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білім сапасының артуы байқалды.
Ақпараттық технологияны қолдану:
- Бiлiмнiң сапасын көтереді;
- Бiлiм беру мазмұны жаңарады;
- Бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену байқалады;
- Мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау бағдарламаларын жасақтап, қамтамасыз етеді;
Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерделей келе, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – үлкен нәтижелерге жеткізеді және білім сапасын да арттырады.

Бақылау сұрақтары:


1. Мультимедиа және оны математиканы оқытуға қолдану жолдары.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның математика сабағында қолдану
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бүгінгі күні біздің қоғамдағы орны

Әдебиеттер:


1.  Бекмолдаева Р.Б., Әділбекова Э.Т. Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Шымкент, 2010
2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. – М.: Просвещение, 2005.
3. Абдраимов Д.И., Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В. , Камалова Г.Б. Теоретико-методологические основы разработки, мониторинга качества и экспериментальной апробации компьютерных учебно-методических комплексов нового поколения. Алматы: КазНПУ им. Абая , 2005, -146 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет