Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ


Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады



бет5/50
Дата27.02.2022
өлшемі186,77 Kb.
#133588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Д?ріс Ойлау м?дениетіні? ?алыптасуы ойлауды? философиялы? т?рі
terapiyalyk stomatologiya negizderi, Әлеум-саясат модуль емтихан 2022-23
Философиялық білім жүйесін мына төменгі бөлімдерге бөлуге болады:
онтология – әлем, болмыс туралы жалпылама,қозғалыс туралы және оны қозғаушы ғаламдық күш туралы, оны ұйымдасуының жалпы заңдары туралы ілім;
гносеология – таным туралы, оның негізделуі, оның мүмкіндіктері мен шекарасы жөніндегі ілім;
әлеуметтік философия – қоғам туралы, оның негізгі сфералары, оның адам мен табиғатпен өзара байланысы туралы ілім;
антропология – адам туралы, оның табиғаты және іс-әрекетін ұйымдастыру туралы ілім.
аксиология – құндылықтар туралы ілім;
этика – адамгершілік, мораль туралы ілім;
логика ойлау заңдылықтары туралы ілім;
эстетика – сұлулық заңдылықтары мен канондары туралы ілім.
4. Философия мен философтың адам және қоғам өміріндегі рөлін оның қоғамдық қызметтрінен көруге болады:

  1. дүниетанымдық - дүние туралы түтас түсініктің, пікірдің қалыптасуына әсер етеді;

  2. методологиялық – қоршаған дүниені танудың негізгі әдістерін белгілейді, нақтылайды;

  3. теоретикалық концептуалды ойлауға, теорияны негіздеуге, қоршаған дүниені барынша жалпылауға үйретеді;

  4. гносеологиялық – қоршаған дүниені дұрыс және ақиқат тануды (таным механизмін анықтауды) көздейді;

  5. аксиологиялық (гр. Axios – құнды) заттар мен құбылыстарды құндылықтық тұрғыдан (моральдық, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық) бағалауға үйрету;

  6. әлеуметтік – қоғамның пайда болуы мен эвалюциясын, қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы күшін, ішкі қайшылықтарын анықтап, жетілдіру жолдарын нұсқау;

  7. тәрбиелік – гуманистік құндылықтарды, идеяларды зерттеп, қоғам мен адамға керектісін ендіру, адам өмірінің мәнін табуына көмектесу;

  8. сындарлы – білімге сыни көзқараспен қарай отырып, таным көжиектерін кеңейту, оны модернизациялау, білімнің ақиқаттылығы деңгейін жоғарлату;



  9. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет