Дөңгелектің бөліктері
Дөңгелек сегменті - хорда және доғамен шектелген жазықтық бөлігі.
Дөңгелек секторы - екі радиус арасындағы дөңгелек бөлігі.
Мысалдар
Киіз үйдің табаны дөңгелек болса, оның керегелері шеңбер бойымен орналасады.
Жердің параллель сызықтары – шеңберлер.
Кейбір аспаптардың шкалалары да шеңбер бойымен орналасады.
Айталық, сағат циферблатның шеңбері 12 үлкен бөлікке, 60 кіші бөлікке бөлінген. Үлкен бөліктің әрқайсысы 1 сағатқа сәйкес, кіші бөлігінің әрқайсысы 1 минутқа сәйкес.
Шеңберді салуаяғын
Циркульдің инесін қандай да бір О нүктесіне шаншып тұрып, қарындашы бар аяқшасын осы О нүктесін айналдыра сызық сызамыз. Сонда қарандаш О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған шеңбер деп аталатын тұйық сызық сызып шығады. О нүктесі шеңбердің центрі деп аталады.
Теорема. Кез келген үшбұрышқа сырттай шеңбер сызуға болады. Оның центрі үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикулярларының қиылысу нүктесі (ол үшбұрыштың бірінші тамаша нүктесі) болады (1 - сурет).
1 - сурет
Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген орта перпендикуляр бір нүктеде қиылысады.
Достарыңызбен бөлісу: |