Қазақстанның оңт. аудандарының қысы жұмсақ. Бұл өңірдің қыс айларында жиі-жиі қайталанатын жылымық құбылысы кезінде ауа температурасының ең жоғ. деңгейі 15 – 20°С-қа дейін көтеріледі. Соған қарамастан мұнда кейбір күндері –30 – 35°С, тіпті –40°С-тан да төмен аяздар байқалады. Республиканың қиыр оңт-нде көктемгі соңғы үсік сәуірдің аяғында, алғашқы үсік қыркүйектің 2-жартысында түсуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстанның таулы өңірінен тыс бөлігінде жаз тым ыстық әрі ұзақ. Кейбір жылдары ауа температурасы 45 – 47°С-қа, топырақтың беткі қабаты 70°С-қа және одан да жоғары қызуы мүмкін. Күн энергиясының мұншама көп қоры Қазақстан аумағында гелиоэнергетиканы дамытуға мүмкіндік береді.

Атмосфера айналымы
Қазақстан жері қыс маусымында Сібір антициклонының тармағы мен жаз айларында азорлық антициклондық ядросының ықпалына жиі ұшырап отырады. Осыған байланысты республиканың солт-нде оңт.-батыс және батыс, ал жазда солт.-батыс бағыттан соғатын жел басым келеді. Қазақстандағы атмосф. процестер Солт. жарты шардың Атлантика – Еуразия секторының 3 ірі аумақты айналымы ықпалымен қалыптасады. Егерде циклондар мен антициклондардың алмасу жолдары ендік бағытпен өтсе, онда ол ендік бағыттағы айналым делінеді. Ендік бағыттағы айналым кезінде Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашынның мөлш. кеміп, ауа температурасы жоғарылайды.