Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет1/81
Дата11.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#168356
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí


№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

1
апта
№ 1
дәріс

1-дәріс. Экономика және кәсіпкерлік негіздері пәні, әдістері мен атқаратын қызметтері.

  1. Экономика және кәсіпкерлік негіздері пәні.

  2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық ресурстардың шектеулілігі.

  3. Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері.

  4. Экономикалық ғылымның әдістемесі.

  5. Экономикалық процестердің тану әдістері.

  6. Экономикалық заңдар мен категориялар.

1. Экономика және бизнес пәні. Экономика (гр. — үй шаруашылығын жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады.
Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету қажет деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

  • Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.

  • Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.

  • Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет