Байланысты: Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар 1. Аргентометрияның басқа әдістермен ұқсастығы және айырмашылығы қандай ?
2.Фаянстың әдісі мен Фольгардтың әдісін қандай жағдайларда қолданады ?
3.Адсорбциялық индикаторлардың қандай кемшіліктері бар ?
4.Калийдің хроматының индикатор ретінде кемшілігі қандай ?
5.Химиялық анализде тұндыру тәсілі титрлеуінде қандай әдістер (және титрантар) қолданылады?
6.Тұндыру тәсілі титрлеуінің қисығын тұрғызу үшін қандай формулалар қолданылады?
7.Тұндыру тәсілі титрлеуінде индикатордың жарамдылығын қалай анықтайды?
8.Тұндыру тәсілі титрлеуі кезіндегі индикаторлық қателерді қалай есептейді?
9. Титрлеудің эквивалентті бөлімі тұнбаның ерігіштік көбейтіндісіне, температураға және ерітінділердің концентрациясына қалай байланысты?
10. Бромид және хлорид иондарын AgNO3 ерітіндісімен индикаторсыз «тең лайлану» әдісін пайдаланып анықтау негізі. Неге бұл әдіс ең дәл әдіс деп есептеледі?
11. Аргентометриялық әдіспен хлоридтерді титрлегенде К2CrO4 тұзын индикатор ретінде пайдалану неге негізделген?
12. Мор әдісімен хлоридтерді титрлегенде эквивалентті нүктені дұрыс анықтауға сәйкс К2CrO4 концентрациясын есептеп шығарыңыздар.
13. Концентрациясы бірдей NаСІ және NаBr ерітінділерін Фольгард әдісімен титрлегенде қай ионды (Cl-, Br-) анықтау дәлдігі жоғары болады?
14. Иодид – иондарын хлоридтер қатысында титрлегенде қандай адсорбциялық индикаторды пайдаланасыңдар?
15. Хлоридтерді титрлегенде неге эозинді индикатор ретінде пайдалануға болмайды? Адсорбциялық индикатормен титрлегенде ерітінді pН – ның қандай маңызы бар?
16. а) хлориді Мор әдісімен; б) күмісті Фольгард әдісімен; в) бромидті Фаянс әдісімен анықтағанда титрлеудің соңғы нүктесінде жүретін реациялардың теңдеуін жазыңдар.
17. Анализдейтін сынама сілтілік металдың хлориді мен хроматының қоспасы. а) осы қоспадағы хлоридті тікелей титрлеп анықтауға бола ма? б) аргентометриялық әдіспен хлорид пен хроматтың қоспасын анықтауға бола ма?
18. AgNO3 ерітіндісімен: а) 0,100M KI, KBr , KCl ерітінділерін; б) 0,010 М; 0,100M; 1,000M ерітінділерін титрлегенде қай жағдайда титрлеудің эквивалентті бөлімі ең үлкен, қай жағдайда – ең кіші болады?
19. 0,100 М AgNO3 ерітіндісін 0,100 М NH4SCN ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар.
20. 0,050М NаСІ ерітіндісін 0,050М AgNO3 ерітіндісімен 99,9; 100,0 және 100,1% титрлегендегі рСІ мәнін есептейтін теңдікті қорытып шығарыңдар.
21. 0,010 М К2CrO4 ерітіндісін 0,100 М AgNO3 ерітіндісімен титрлеу қисығын қорытып шығарыңдар. ЕК(Ag2CrО4) =4,45·10-12.
22. Мор әдісін пайдаланып төмендегі хлоридтердің құрамындағы хлорды анықтауға бола ма: BaCl2; FeCl3; NаСІ + NаС2O4; NаСІ + Nа2SO4 ?
23. Неге Мор әдісімен титрлеуді ерітіндінің pН 7 10 аралығында жүргізеді?
24. Неге адсорбциялық индикатор фулорецеинді бейтарап, не әлсіз негіздік (pН 7 10) ортада пайдаланады?
25. Хлорид және бромид – иондарын қышқыл ортада титрлеу әдісін таңдап алыңдар.
26. Неге хлоридтерді Фольгард әдісімен анықтағанда индикаторды AgNO3 ерітіндісінің артық мөлшерін құйғаннан кейін ғана қосады?
27. Ерітіндіде AgBr және AgSCN тұнбаларымен тепе – теңдікте жүрген бромид, роданид – иондарының концентрацияларының қатынасы неге тең? ЕК AgBr = 4·10-13; ЕК AgSCN = 1,07·10-12.
28. 0,010 M калий хлориді және иодиді бар ерітіндіге AgNO3 ерітіндісін қосады. Қай тұз – AgСІ (ЕК = 1,78·10-10), не AgІ (ЕК = 8,3·10-17) бірінші болып тұнбаға түседі?
29. Мырышты К4[Fe(CN)6] ерітіндісімен титрлеу реакциясын жазыңдар.
30. Осы теңдікті пайдаланып ZnSO4 пен К4[Fe(CN)6] тұздарының моль×эквивалент мөлшерін табыңдар.
31. Осы титрлеуде эквивалентті нүктені анықтауға ішкі тотығу – тотықсыздандыру индикаторын пайдаланудың негізі неде?
32. Дифениламин индикаторының түсі мырышты К4[Fe(CN)6] –мен титрлегенде және К4[Fe(CN)6] ерітіндісін ZnSO4–пен титрлегенде қалай өзгереді?
26. 0,077 М AgNO3 ерітіндісінің а) СІ арқылы; б) NаСІ арқылы титрін есептеңдер.
33. 0,3000г күмістің құймасы азот қышқылында ерітіледі. Алынған ерітінді титрлеуге 28,30мл 0,100М NH4SCN ерітіндісі жұмсалады. Құймадағы күмістің массалық үлесін есептеңдер?
34. 250,0 мл өлшем колбасында КСІ еріген. Осы ерітіндінің 25,00 мл-ін титрлеуге 34,0 мл 0,105 М AgNO3 ерітіндісі жұмсалса, КСІ-дың массасы неге тең болғаны?
35. 25,0 мл ерітіндіні титрлеуге 20,00 мл 0,100 М AgNO3 жұмсалуы үшін құрамында 75,00% КСІ бар минералдың неше грамын 200,0мл өлшем колбасында еріту керек?
36. Мор әдісімен 0,2332г бромидті титрлеуге 18,77 мл 0,104 М AgNO3 жұмсалады. Анализдеуге қайсы тұз NаBr не KBr алынған?
Тест тапсырмалары
Фаянс әдісі бойынша бромидтерді және иодидтерді анықтауда индикатордың рөлін қандай зат атқарады:
A) индикаторсыз әдіс
B) K2Cr2O7 C)метилоранж
D) флюоресцеин, эозин &
E) крахмал
*****
Тұндыруарқылы титрлеу әдісінде қандай реакцияларды пайдаланады:
A) тотығу-тотықсыздану
B) бейтараптау
C) кешен түзу
D) ерімейтін қосылыстың түзілуіне әкелетін реакциялар&
E) еритін қосылыстың түзілуіне әкелетін алмасу реакциялары
*****
Мор әдісінде эквивалент нүктесін анықтауға қандай реакцияны пайдаланады:
A) Fe3++3SCN-=Fe(SCN)3 B) 2Ag++CrO42-=Ag2CrO4 &
C) Ag++NH3 = [Ag(NH3)2]+ D) Ag++Br-=AgBr
E)Ag++I-=AgI
*****
Фольгард әдісінің негізіндеқандай процесс жатыр:
A) Ag++Br-=AgBr
B) Ag++I-=AgI
C) Ag++SCN-=AgSCN &
D) 2Ag++CrO42-=Ag2CrO4 E) Ag++NH3 = [Ag(NH3)2]+ *****