§ 6. Темпераменттiң жастық ерекшелiктерi Темперамент қасиеттерi жүйке жүйесiнiң, олардың ең жақын физиологиялық негiзiн құрайтын қасиеттерi сияқты тумасынан пайда болады, мұрагерлiк анықталған болады.
Жүйке жүйесiнiң кей қатынастарының мұрагерлiк анықталғандығы ''егiздер әдiсiнiң'' қолданылуынан кейiн анықталды. Егiздерде психофизиологиялық қасиеттердiң ұқсастығы бұл қасиеттердiң мұрагерлiк арқылы пайда болғандығының дәлелi бола алмайды, себебi егiздер арасындағы ұқсастық даму жағдайларының бiрдейлiгiмен түсiндiрiлуi мүмкiн. Бiрақ егiздердiң екi типi болады: Бiр жұмыртқалы (мұрагерлiгi толығымен бiрдей) және әр түрлi жұмыртқалы (мұрагерлiгi ағайындарыныкi секiлдi әр түрлi). Бiржұмыртқалы егiздердi мұрагерлiк анықталған қасиеттерi бойынша ұқсастықтар көбiрек табылғандығы түсiнiктi. Егiздердiң жүйке жүйесi типтерiнiң қасиеттерiнiң ұқсастықтарын арнайы салыстыру мұрагерлiктiң маңызды ролiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Балаларды жүйке жүйесiнiң әлсiз типiнiң белгiлерi ерекшелейдi. Ол тек аз төзiмдiлiктi ғана емес, жоғарырақ сезiмдiлiктi бiлдiредi. Жүйке жүйесiнiң жастық әлсiздiгi балалық шақтарда әсер ету жарқындығына, балалық әсерленгiштiң, қозуға оңай өтудiң, импульсивтiлiктiң негiзi болады.
Балалық шаққа эмоционалдық уайымдардың импульсивтiлiгi және олардың тұрақсыздығы тән. Мысалы: жылаудан күлкiге жылдам өту әдеттегi жағдай болады.
Темпераменттiң жастық ерекшелiгi болатынын ескермеуге болмайды. Балалық шақтың әр кезiндегi белсендiлiктiң, эмоционалдылықтың, моториканың өзiндiк сфецификасы бар. Бастауыш мектептiк жастағы белсендiлiктiң сипаттарына қызығушылықтың оңай тууы және оның тұрақсыздығы тән. Жыл сайын жүйке жүйелерiнiң мүмкiндiктерiнiң артуы және оның құнды балалық қасиеттерiнiң шектелуi, жоғалуы болады.
Жастық ерекшелiктер фонында балалық шақтың алғашқы жылдарында-ақ баланың темпераменттiнiң қай типiне жататындығын көрсететiн динамикалық қасиеттерi бiлiнедi. Бұған байланысты айырмашылықтар бала сөйлей бастағаннан – ақ байқалады. Егер бала қатты, анық, тез сөйлесе, айқын жесттер мимикасы болса, ол сангвиникалық темпераменттiң белгiлерiн бiлдiредi. Егер ол баяуырақ, сабырлы, тепе-тең, кейде тоқтаулармен сөйлеп, жест, мимикасы айқын болмаса бұл флегматикалық темпераменттiң белгiлерiн көрсетедi. Холерикалық темпераменттi асығыс,секiрмелi сөйлеу көрсетедi. Ал, меланхоликалық темпераменттiң белгiлерi тежелген, тыныш, сыбырға дейiн түсетiн сөйлеу. Әрине, темперамент типтерiн анығырақ көрсететiн жағдай қозғалмалылықтың және баланың жалпы белсендiлiгiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi. Бала психикасының динамикалық қасиеттерiнде темперамент типтерiнiң белгiлерiмен қоса темпераменттiң жастық ерекшелiктерi де көрiнедi.,
Динамикалық қасиеттер әрекеттердiң сыртқы үлгiсi (манерасы), қозғалысында ғана емес, ойлау сферасында, жалпы жұмыс қабiлеттiлiгiнде бiлiнедi. Әрине, темперамент ерекшелiктерi оқу сабақтарында және еңбекте де көрiнедi.
Педагогтар, тәрбиешiлер көрсетулерiнше балалар арасындағы жалпы белсендiлiк, сезiмдiлiктiң бiлiнуi бойынша айырмашылықтар жиi кездеседi. Мұндай ерекшелiктердi түсiндiру үшiн ұзақ және көп жақты байқау-бақылаулар қажет.
Баланы темпераменттiң белгiлi бiр типiне жатқызу үшiн мынадай қасиеттердiң көрiнуiне ерекше көңiл бөлу керек:
белсендiлiк-жаңаға талпыну, қоршаған нәрселерге әсер ету, қиыншылықтарды жеңу деңгейi бойынша анықталады;
Эмоционалдылық-эмоционалды әсерлерге сезiмдiлiк, эмоционалды реакцияға себептердi табу деңгейi бойынша анықталады;
Моторика-бұлшық еттiң тездiгi, ритмi, амплитудасы т.б. белгiлерiнен көрiнедi.
Темпераменттiң әрбiр типi өзiн оң және терiс психикалық қасиеттерде көрсете алады. Холериктiң энергиясы, құмарлылығы жақсы мақсаттарға бағытталса,құнды қасиеттер бола алады,бiрақ жеткiлiктi ұстамдылық,дұрыс тәрбиелеу болмаса, жиi жарылыстарға апаруы мүмкiн. Сангвиниктердiң етi тiрiлiгi, әсерленгiштiгi – жақсы қасиеттер, бiрақ тәрбие жоқтығы оларды тұрақсыздық, шашылуға апарады. Флегматиктердiң сабырлылығы, төзiмдiлiгi, байсалдылығы жағымсыз жағдайларда адамның көп әсерлерге сезгiшсiздiгiн тудыруы әбден мүмкiн. Меланхолик сезiмдерiнiң тұрақтылығы, тереңдiгi тәрбиелiк әсердiң жоқтығынан өзiнiң уайымына батушылық, аса ұялшақтыққа әкеледi. Сонымен, темпераменттiң бастапқы қасиеттерi жақсы, не жаман дамитындықты анықтамайды. Өсiп келе жатқан адам өзiнiң әрекетi мен iс-әрекетiн бiртiндеп реттеп үйренуi қажет. Әр түрлi темперамент әр түрлi өзiндiк ерекшелiктер мен айырмашылықтарға ие. Сондықтан да оған әсер ететiн тәрбиелiк әсерлер өте маңызды орын алады. Темперамент қасиеттерi,немесе психикалық динамикалық жақтарының ерекшелiгi адамды қалыптастыратын психикалық қасиеттердiң негiзгiсiнiң бiрi.