Дәріс тақырыбы және тезистер



бет15/16
Дата15.06.2023
өлшемі86,1 Kb.
#178818
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
5.Дәрістер

Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. 1940-90 ж.ж. қазақ мектептерінде пайдаланылған математика оқулықтарының негізгі ерекшеліктері.
2. А.Собалақовтың әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
3. М.Исқақовтың әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
4. Ш.Омашевтың әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.
5. А.Бидосовтың әдістемелік-математикалық қызметіне сипаттама беріңіз.

2

№ 15
дәріс

№15 дәріс. Тәуелсіз Қазақстандағы әдістемелік-математикалық ғылымның дамуы
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. XX ғ. 90-ыншы жылдарынан кейінгі математиканы оқыту әдістемесі
2. Әдістемелік-математикалық ғылымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Дәрістің қысқаша мазмұны(дәріс жоспары)
XX ғ. 80-інші жылдарының аяғына кейбір ғалымдардың батыл қадамдарының арқасында математикадан республика ерекшеліктеріне бейімделген оқу-әдістемелік құралдар дайындау бағытында қызу жұмыстар жүргізіле бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қазақ ғалым-әдіскерлері (С.Елубаев, Қ.Қаңлыбаев, А.Бөленов, т.б.) республика мектептері үшін дайындалған базалық оқу жоспарына сәйкес орта мектеп математикасынан төл оқулықтар дайындауға кірісті. Сөйтіп араға 70 жыл салып, Қазақстан Республикасында математикадан төл оқулықтар дайындалды. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының алғашқы жартысындағы қиындықтар математикадан төл оқу құралдарын дайындау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік бермеді. Алайда, бұл мәселе күн тәртібінен түспейтін, педагогика мен әдістеме ғылымдарындағы өзекті мәселелердің негізгісіне айналды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Республикасында халыққа білім беру саясатының жағдайы және оның болашағы жаңа көзқарастар тұрғысынан талдауға алына бастады, осының негізінде білім беру жүйесін реформалаудың құқықтық негіздері қаланды. Атап айтқанда, Ата Заңымыздан бастау алған «Білім Туралы Заң», «Қазақстан Республикасы мектептерінің және осы мектептердегі білім мазмұнының тұжырымдамалары», «Жалпы білім беретін мектептің білім мазмұны тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты» сияқты құжаттар дүниеге келді. Сөйтіп республика бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау, оларды белгілі бір жүйе мен тәртіпке келтіру мәселесі қолға алына бастады. Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 26-маусымдағы №1173 қаулысына сәйкес мектептерді төл оқулықтармен және төл оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етудің мақсатты бағдарламасы қабылданды. Осыған байланысты Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің математикалық білім берудің теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, профессор А.Е.Әбілқасымова тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру мәселесі туралы жоғарыда аталған құжаттарын басшылыққа ала отырып, орта мектепте математиканы оқыту проблемалары төңірегінде тыңғылықты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1997-2000 жылдар аралығында осы бағытта жүргізілген жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріне арналған математикадан жаңа буын оқу-әдістемелік кешен дайындау жүзеге асырылды. Бұл оқу-әдістемелік кешен төрт тілде (қазақ, орыс, ұйғыр және өзбек тілдерінде) жарық көріп, республика мектептерінің тәжірибесіне сатылап ендірілді. Осыған орай қазіргі күні Қазақстан Республикасында орта мектеп математикасын оқытуда түбегейлі өзгерістер жасалды.
Қазіргі күні мектеп оқушыларына математикалық білім беру ісін онан әрі жетілдірудің әлі де болса бізге беймәлім мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыру бағытында мақсатты түрдегі үлкен жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары математика пәні мұғалімдерінің теориялық-математикалық және әдістемелік-математикалық дайындығын түбегейлі жаңарту бағытындағы шаралар жүзеге асырылуда. Қазіргі күні білім министрлігі тарапынан математика пәні мұғалімдерінің жоғары білімді маман болуы талап етіліп отырғаны белгілі. Осы талаптарға байланысты кейбір жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарында осы мамандық бойынша магистрлер мен PhD докторларын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Бұл орайда осы мамандарға орта мектеп математика курсының теориялық негіздерінен тереңірек математикалық білім беруге күш салынып отыр. Бұл мұғалімдердің жоғары дәрежедегі осындай теориялық дайындығы жағдайында жалпы математика пәні мұғалімдерінің тәжірибесінде балаларға математиканы оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіре түсуге бағытталатын жаңа ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне ену бағытындағы ұстанып отырған білім саясаты жағдайында жаңартылған білім мазмұнына көшу де жаңа, қазіргі заманғы әдістемелік қағидалар мен ұстанымдарды басшылыққа алатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етіп отыр. Соңғы жылдары ҚР-ында математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламасының жобасын дайындау бағытында айтарлықтай іс-шаралар жүргізілді. Қазіргі күні осы жоба негізінде математикадан жаңартылған білім мазмұнына лайықталған оқу-әдістемелік кешен дайындау қызу қолға алынуда. Алайда, осы оқу-әдістемелік кешендерге жасалған талдаулар олардың қай-қайсысында да болмасын математикалық білім мазмұнына қазіргі заман талаптары тұрғысынан ешқандай елеулі өзгерістер жасалмағандығын байқатады.
Білім стандарты талаптарына сәйкес, басқа пәндерді оқытуға бөлінген сағат санының артуына және әр сынып бойынша оқу жүктемесінің шектеулі болуына байланысты математикаға бөлінген сағат саны қысқарды. Осыған байланысты оқу материалының сыныпаралық бөлінуіне айтарлықтай өзгерістер енгізілді.
Есептер құрастыруда олардың мазмұнының оқушыға таныс, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде жиі кездесетін оқиғалармен қазақ баласы үшін танымдық тұрғыдағы аса маңызды міндеттермен сабақтас алынуына, есеп материалдары үшін Қазақстан тарихына, экономикасына, географиясына, демографиясына және т.с.с. байланысты мәліметтердің барынша кеңінен пайдаланылуына айрықша көңіл бөлінуде.
Ана тіліндегі математикалық терминологияны дұрыс қалыптастыруға назар аударылуда. Сондай-ақ бұрынғы аударма оқулықтарда орын алған кейбір терминологиялық қателіктер мен бұрмалаушылықтар түзетілуде.
Қоғамның талабына орай информатика пәнінің беделінің өсе түсуіне байланысты оқушылардың алгоритмдік мәдениетін дамытуға, сондай-ақ оларды есептеу техникасы туралы түсінік қалыптастыруға күш салынуда.
Қазақстан Республикасы мектептерінің математиканы жаңа буын оқу-әдістемелік кешенмен оқытуға көшуі математиканы оқыту әдістемесі ғылымының дамуына жаңа серпін беріп, осы салада айтарлықтай сапалық өзгерістердің орын алуына мүмкіндік туғызуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет