Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар. Ақпараттық жүйелер теориясының негізгі ұғымдары. Кіріспе



бет5/59
Дата27.04.2022
өлшемі135,13 Kb.
#141059
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций
Жакаева К.А. Музыка пәнін оқыту әдістемесі (3), Марал Пікірлер
Есептеуіш техника — есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті (мысалы, финикиялық саз фигуралары).
Уақыт өте келе, қарапайым құрылғылардан күрделі құралдар пайда бола бастады: абак, логарифмдік сызғыш, механикалық арифмометр, электронды компьютер. Алғашқы есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген адам, қазіргі заманғы калькуляторларды пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш құрылғыларының жұмыс өнімділігі және есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш адамның өзін шаң қаптырып кетеі.
Ең алғашқы механикалық құрылғы абак бiздiң эрамызға дейiнгi IV ғасырда пайда болған деп есептеледі. Алғашқы кездерде ол саңылаулары бар саз пластинадан тұрды, саңылауларда сандарды бейнелейтін тастар орналастырылды. Абактың алғаш пайда болған жерi ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция да болуы мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Кейiнiрек Европада абактың орнына арнаулы математикалық кестелер, ал Рассейде XVI-XVII ғасырларда оларға қарағанда анағұрлым жетiлген құрылғы - орыс шоты пайда болды. Орыс есеп шотының негiзгi ерекшелiгi – ондық есептеу принципi.
Атақты өнертапқыш Леонардо да Винчи 1492 жылы өз күнделігінде 10 тісті сақиналары бар 13 разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды.
XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және өзінің логарифм кестесін жариялады. Екі ғасыр бойы әр елдің оқымыстылары логарифм функциясының негізінде жасалған есептеу құралын жетілдірумен шұғылданды. Тек 1761 жылы ғана ағылшын ғалымы Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон да ұсынған болатын.
Электронды есептеу техникасының даму эволюциясы негізгі үш кезеңнен тұрады:
- механикалық кезең (XVII ғасырдың ортасынан бастап);
- электромеханикалық кезең (XIX ғасырдың аяғынан);
- электрондық кезең (XX ғасырдың 40 жылдарынан бастап).
Механикалық есептеуіш машиналар.
XVIII ғасыр барысында көптеген есептеуіш құралдар пайда болды, бірақ олардың бәрі есептеулерді механикалық басқару принципі арқылы жүзеге асырды. XIX ғасырдың басында есептеу техникасының дамуында үш негізгі бағыт басым болды:
1) қосындылайтын құрылғылар;
2) даналайтын (көбейткіш) құрылғылар;
3) арифмометрлер.
Қоғамның дамуымен әр түрлі есепетеулерде сұраныстар пайда бола бастады. Ол механикалық есептеу құрылғыларының пайда болуының салдары болды. Әлемдегі ең алғашқы қосу амалын орындайтын автоматты құрылғы механикалық сағаттың негізінде пайда болды. 1623 жылы оны Тьюбинген (Германия) университетінің шығыс тілдері кафедрасының профессоры Вильгельм Шикард ойлап шығарды. Өнертапқыш машинаны «қосындылайтын сағат» деп атады. Құрылғының жұмыс үлгісі бүгінгі күндері (1960 ж) сызбалар бойынша жаңартылып өзінің жұмыс қабілетін ақтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет