Дәріс Тақырыбы: Машиналық



бет5/6
Дата10.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#196176
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9-Дәріс

Бақташы робот




Бұл құрылғы қазіргі уақытта енді
құрастырылуда. Соңғы сынақ кезеңінің нәтижесі бойынша, SwagBot мал бағуға, заттарды
орынынан жылжытуға, бау-бақшаға қарауға өте тиімді робот. Бұл
құрылғыны жасау үшін Сидней Университетінің ұстаздары аянбай тер төгуде.



Киберфермер


Фермерлік шаруашылықты жандандыру үшін бұл салада роботтардың бірнеше түрі
дайындалған. Бау-бақша жемістерін егіп, оны баптап, жемісін теріп алуға жағдай жасайтын ол бүгінгі күннің таптырмас құрылғысы. Бау- бақша техникаларының
қатарына қосылған тағы бір робот – AgBot. Оның қызметі – бақшаны химиялық және механикалық тәсілмен барлық арамшөптен арылту. Сонымен қоса, егін топырағын
тыңайтады.


Қойма роботы




Қоймадағы жүкті бір орыннан екінші орынға қозғалту үшін ойлап табылған құрылғы.
Жұмысшыларға айлық төлегеннен гөрі осындай құрылғыларды сатып алып өз жұмыстарын ілгері жүргізіп жатқан компаниялар көп.
Мысалы, 2015 жылы Қытайдың
Everwin Precision Technology
компаниясы
жұмысшыларының 90% дәл
осындай роботтарға
ауыстырды.

Тасымалдаушы дрон


Жүктерді жеткізу қызметі үшін таптырмас құрылғы. Адамдардың қызметтік орнын басқан роботты
биылғы жылдан бастап қолдана бастады. Жаңа Зеландияның Domino’s Pizza қызметкерлері жұмыстарына көмек
ретінде осы құрылғының
көмегімен пицца жеткізуді бастап кетті.


Кітапханашы робот


Үлкен кітапханаларда адамдар іздеген кітаптарын
бірден таба алмайды. Осындай уақытта роботтың көмегіне жүгінсек, бірнеше минуттың ішінде іздеген кітабымызды оңай таба аламыз. Бұл роботтар
Канзас-Ситидегі Миссури университетінде сынақ
өтіп, жоғарғы деңгейдегі құрылғы деп мадақталған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет