Өлшеу-есептеуіш құралы (ӨЕҚ) – өлшеу жүйесінің құрамында нақты жұмыс атқаратын қосымша құралдар мен ЭЕМ-ның функционалды жиынтығы.
Метрологиялық қызметтері бойынша ӨЖ – эталондар жəне жұмысшы өлшеу құралдары болып бөлінеді.
Физикалық шаманың эталондық бірлігі – бірлікті тудыратын немесе сақтап, тексеру сұлбасы бойынша төмен тұрған өлшеу құралдарына беретін, əрі эталонда орнатылған өлшеу құралы. Эталон құрастырмасы – оның қасиеттері жəне бірліктің туындау тəсілі берілген физикалық шама табиғаты мен берілген өлшеу аясында өлшеу техникасының даму деңгейімен анықталады. Эталон – кем дегенде, бір-бірімен тығыз байланысты маңызды белгілерге – өзгеріссіздікке, қайта өндіргіштік пен салыстырмалылыққа ие болуы керек.
Өзгеріссіздік – ұзақ уақыт бойы физикалық шама бірлігін, оның туындатқан өлшемінен өзгертпей ұстап тұратын эталон қасиеті. Мұндай жағдайда сыртқы əсерге тəуелді барлық өзгерістер, нақты өлшенетіндей шамалардың белгілі функцияларымен қатаң анықталуы қажет. Бұл талаптардың iске асуы –физикалық жағынан тұрақты, негiзделген табиғи эталондарды жасау идеясын тудырды.
Қайта өндiрiнгiштiк – өлшеу техникасы дамуының қазiргi деңгейі үшiн ең аз қателiгi бар физикалық шама бiрлiгiнiң көшiрмесiнiң мүмкiндiгi.
Салыстырмалылық – өлшеу техникасы дамуының қазiргi деңгейі үшiн ең жоғары дəлдiктегі екiншi эталондар, ең алдымен дəлдеу сұлбасы бойынша, төменде тұрған басқа өлшеу құралдарының эталонымен салыстыруды қамтамасыз ететін мүмкiндiк.
Эталондар, бағыну қатары бойынша – халықаралық, алғашқы, екiншi эталондарға бөлшектенедi.
Халықаралық эталон – халықаралық келiсiм бойынша жаңа-дан ендiрiлетiн жəне сақталатын ұлттық эталондармен үйлесу үшін, халықаралық негiзде қабылданған эталон. Халықаралық эталондар Парижге жақын маңдағы Севр қаласында орналасқан Халықаралық өлшемдер жəне салмақтар бюросында сақталынады. Бұл əртүрлi елдердiң ең iрi метрологиялық лабораторияларының алғашқы эталондарымен салыстыру үшiн қызмет көрсетедi.
Алғашқы (ұлттық ) эталондар – ел үшiн бастапқы қызмет көрсететін ресми шешiммен танылған эталондар. Олар əртүрлi елдердiң ұлттық лабораторияларында сақталынады, əрі осы лабораторияларда екiншi эталондарды калибрлеуге арналған.
Негiзiнде бұл анықтама «мемлекеттiк эталон» ұғымымен дəл келедi. Бұл, мемлекеттiк эталон мен ұлттық эталон терминдерінің бiр ұғымды қамтып көрсететiні туралы куəландырады. Сол себепті, «Ұлттық эталон» термині жеке мемлекеттерге тəуелдi эталондармен салыстыру кезінде__ халықаралық эталонмен немесе бірнеше елдердің «айналма» деп аталатын эталондарымен салыстыру кезінде қолданылады.
Екiншi эталондар – бiрлiк өлшемдерiн тiкелей алғашқы эталоннан алатын эталондар. Олар əртүрлi салалық сынау зертханаларында сақталып, бақылау жəне жұмыс эталондарын калибрлеу үшiн қолданылады.
Жұмыстық өлшеу құралдары – бұл, өлшемдер тəжiрибесiнде қолданылатын басқа да өлшеу құралдарына физикалық шамалар өлшемін берумен байланысы жоқ өлшеу құралы.
Жұмыстық өлшеу құралдары өз кезегiнде – негiзгi жəне қосалқы болып бөлінеді.
Негiзгi өлшеу құралдары – мəнi өлшеу мақсатына сəйкес алынуы керек физикалық шамаларды өлшеу құралы.
Қосалқы өлшемдер құралдары – қажетті дəлдікте өлшеу нəтижесін алу үшін, өлшеу объектісіне физикалық шаманың тигізетін əсері ескерілетін өлшеу құралы (мысалы, газдың көлемдік шығынын өлшеу кезінде газ температурасын өлшейтін термометр).