Сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың СБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта жаңа ақпараттық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Ақпарат – басты құндылыққа, ал адамның ақпараттық мәдениеті – айқындауыш факторға айналған уақытта білім беру жүйесі мен мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын талаптардың да өзгеретінін атап өткен жөн.
Бүгінгі күнде Қазақстан білім беру саласын жаңғырту қазіргі басты стратегиялық бағыттардың бірі болып отыр. Бұл жаңғырту бағдарламасы бойынша оқыту процесінде білім берудің жаңа үлгісі болып саналатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу қарастырылған. АКТ – оқушының тұлға ретінде қалыптасып, бүгінгі қоғамда өз орнын табуына көмектесетін негізгі құрал.
Сонымен АКТ дегеніміз не? Бұл – ақпаратпен әртүрлі жұмыс істеуге арналған техникалық және бағдарламалық құралдардың жиынтығы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану уақытты үнемдеуге, таным-түсінікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Оқушылардың коммуникативтік және ақпараттық білімдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, себебі оқушылар сандық білім беру ресурстарын қолданылған сабаққа белсенді қатысады.
Сандық білім беру ресурстарын жұмыста қолдану бізге не береді:
оқушыға: оқуға ынтасын арттыру; танымдық қызығушылығын арттыру; оқу барысында белсенділігін арттыру; ақпараттық-коммуникациялық біліктілікті қалыптастыру; алдына мақсат қоя білуді, өз әрекетін жоспарлауды дамыту; өз әрекетін жоспарлау, нәтижелерді бақылау, жоспар бойынша жұмыс істеу, өз оқу үлгерімін бағалау; оқушының өзіндік танымын қалыптастыру.
мұғалімге: білім беруді ұйымдастыруда стандартты емес әдіс-тәсілдерді қолдану; мектеп оқушыларының өз бетінше оқуына мүмкіндік туғызу, оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық білімін арттыру, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі мен шыққан нәтижелерді өз бетінше талдауына мүмкіндік беру.
Бүгінгі күнгі Пайдалы интернет-ресурстар ...
Достарыңызбен бөлісу: |