Дәріс тақырыбы: Спорттық метрология –оқу пән ретінде. Метрологиялық бақылау – жаттықтыру жұмысын басқару негізі. Дәріс жоспары



бет1/3
Дата22.06.2020
өлшемі27,43 Kb.
#74271
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 1 Спорттық метрология –оқу пән ретінде. Метрологиялық бақылау – жаттықтыру жұмысын басқару негізі.


Дәріс № 1
Дәріс тақырыбы: Спорттық метрология –оқу пән ретінде. Метрологиялық бақылау – жаттықтыру жұмысын басқару негізі.
Дәріс жоспары:

1.Спорттық метрологияның зерттеу тақырыбы

2.Спорттық метрологияға кіріспе

3.Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.

4.Ғылыми шығармашылық.

5.Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.


«Метрология» ежелгі грециялықсөзден аударғанда «өлшеу туралы ғылым» деп аталады (метрон - өлшем, логос - сөз, ғылым).

Спорттық метрология ғылыми пән ретінде жалпы метрологияның бөлімі болып есептеледі.

Спорттық метрологияның зерттеу тақырыбымен дене тәрбиесі және спорт өрісінде комплекстік бақылауды және оның нәтижелерін спортшылардың және денешынықтырушылардың даярлау жоспарлауында қолдануылуы болып табылады. Оның ішіне келесі жағдайлар жатады:

1. Спортшының күйін, жаттығатын жүктемелерді, қозғалыстарды жасау техникасын, жарыстарда спорттық нәтижелерін және спортшының жүріс-тұрысын бақылау;

2. Бұл аталып кеткен бақылаудың бағыттарында алынған мәліметтерді салыстыру, оларды бағалау және талдау.

Спорттық жаттығуды меңгеру

Ғылым өрісінде «Меңгеру» бұл бір жүйені қажетті күйіне аудару болыптабылады.

«Жүйемен» біріңғай бүтінді құрайтын бірнеше элементтердің көрі аталады (адамның тірек-қозғалтқыш аппараты, спортшының организмі т.б.)

«Жүйесінің күйі» (уақыттың қазіргі кезінде) оның өзгеретін заттардың сандық көрімен анықталады.

Адам организімінде меңгеру орталық нерв жүйесімен іске асырылады. Меңгерілетін объектісі ролін әрбір орган немесе организімнің жүйесі атқарады. Меңгеретін және меңгерілетін объектілер байланыстарымен біріккен. Тура байланыс бұл меңгеретін объектіден меңгерілетінге жол арқылы пайда болып табылса, керісінше байланыс меңгерудің объектісінен меңгеретін керекжараққа.

Спортшылардың даярлығы процесімен меңгеру 5 кезең арқылы іске асырылады:

1.Спортшы туралы мәліметтерді жинау, сонымен қатар, қандай жағдайда ол тұрады, жаттығады және жарысады;

2. Алынған мәліметтерді талдау;

3.Дайындық стратегиясы жөнінде шешімдерді алу және дайындық бағдарламасымен жоспарларды құрастыру;

4. Дайындық бағдарламасын және жоспарларын іске асыру;

5.Іске асыру бойында бақылау жасау, жоспарлау құжаттарына өзгерістерді енгізу және жаңа бағдарламамен жоспарларды дайындау.

Спорттық жаттығуда себептермен салдардың келесі бірізділігі сақталады:

Спортшының қимылы (жүріс-тұрысы) ̶> тез тиімділік ̶> кумулятивтік тиімділік.

Мысалы, жүгірушінің шыдамдылығын дамыту үшін жаттықтырушы оған 300 м. 6 рет 1 нақты жылдамдықпен және демалудың үзілістерінен жүгіріп шығуға тапсырма береді (яғни, ол спортшының жүріс-тұрысымен меңгереді). Осы жүктемені орындау барысында организімде кейбір физиологиялық өзгерістер пайда болады - ол тез тиімділік. Жүйелі түрде айналысқанда сол іздердің жинағы кумулятивтік тиімділікке келтіреді - шыдамдылықтың өсуіне.

Спорттың жаттығудағы бақылау

Спорттық жаттығудағы бақылауымен меңгерудің объектісін күйі жөнінде мәліметтерді жинау және оның қазіргі дәрежесін тиістімен салыстыруды атайды. Меңгеру жүйесінде меңгерілетін объектімен бақылауды қамтитын керісінше байланыстар. Олар меңгерудің объектінің күйін анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі және тиісті дәрежесінің арасындағы айырмашылық тиістемелік деп аталады. Мысалы, жаттықтырушы қыркүйек айында оның шәкірті 120 кг штангіні иыққа салып, көтеріп отыру керек деп жоспарланған, бірақ іске асқанда, оның тек 100 кг-на әлі келеді, яғни 20 кг тиістемелікпайда болады. Осындай жағдайда қажетті өзгерістерді енгізеді, оларды коррекция деп атайды (анг. сөзінен - өзгерту, түзету).

1.Жаттықтыруға келетін керісінше байланыстарды есепке алсақ, онда педагогикалық бақылауда байланыстың 4 типі болады:

2.Спортшыдан алынатын мәліметтер (денсаулығытуралы.с.с.);

3.Спортшының жүріс-тұрысы жөнінде (қандай жаттығатын тапсырмалар орындалды);

4.Тез тиімділік жөніндө (бір рет алынған дене жүктеменің барысында жаттығатын

өрістердің саны мен түрі);

3. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.

Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму заңдылықтары бар.

Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару. Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.

Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық зерттеулер ғылыми – зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.

Ғылыми еңбектің тиімділігін арттырудың және ғылыми қызметті интенсивтендірудің басты жағдайларының бірі зерттеулерді ақпараттық қамтуды жақсарту, ғылыми коммуникация жүйелерін, ғылыми ұжымдар арасындағы байланыстарды одан әрі дамыту болып табылады.

Ғылымтану мәселесі төңірегінде қазіргі заманғы ғылымның логикалық – гносеологиялық, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және басқа көптеген зерттеулер топтасуда. Ғылыми білім мен ғылыми қызмет дамуының нақтылы процестері мен бағыттары туралы маңызды эмперикалық (тәжірибелік) мәліметтер қорланды және қорлануда. Қазіргі ғылымтануда социологиялық проблематика неғұрлым үлкен орын алып келеді.

Ғылымтану алдымен ғылымды зерттеудің алуан түрлі бағыттарының, типтерінің жалпы атауы, олардың ішінен негізгі алтауын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, ғылымды логикалық – гносеологиялық зерттеу, оның пәні ғылыми білімнің өзі, оның құрылымы, оның дамуының логикасы мен диалектикасы болып алады. Екіншіден, тұтасынан алғанда ғылым дамуының нақтылы тарихи процесіне және оның жеке көріністеріне көңіл бөлетін тарихи – ғылыми зерттеулер. Төртіншіден, ғылым дамуының экономикалық проблемаларын зерттеулер. Бесіншіден, ғылым творчествосының психологиясын зерттеулер. Алтыншыдан, ғылымды сан тұрғысынан түсіндіру методы ретінде ғылым өлшеу зерттеулері.

Сонымен, ғылым – күрделі көп өлшемді әлеуметтік құбылыс әрі білімнің түрлі салалары, алуан түрлі нақтылы тарихи жағдайларда оны алуан түрлі жақтарынан зерттейді.

Қорыта айтқанда, ғылым қоғамдық өмірге, әсіресе техникалық – экономикалық дамуға, әлеуметтік басқаруға, білім жүйесін және адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыруға белсене қатысатын әлеуметтік институттардың біріне айналды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет