Дәріс Тақырып: ХІІІ-ХV ғасырлардағы Қазақстан Әмір темірдің басқыншылық жорықтары ХІІІ- хv ғасырлардағы Ноғай ордасы



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі18,87 Kb.
#83223
  1   2
Байланысты:
6 лекция
О. Конт ?леуметтану ?з алдына ?ылым ретінде ?ай ?асырда пайда бо 2, Үлгерімі төмен оқушымен Пән мұғалімінің есебі

6 дәріс
Тақырып: ХІІІ-ХV ғасырлардағы Қазақстан


1 Әмір темірдің басқыншылық жорықтары
2 ХІІІ- ХV ғасырлардағы Ноғай ордасы


Әмір Темір (1336-1405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Ұлы Түркістан өсірген ұлы тұлға, әскери қолбасшы және мемлекет қайраткері Әмір Темір Ғұн, Көктүрік және Ұйғыр мемлекеттерінің ізін ала тарихы сахнасына шыққан Монғол империясынан соң шамамен 150 жылдан кейін Түркістанда биік тұрған. Темір түрік мемлекеттерінің аңсаған арманы, түрік әлем билігіне қол жеткізу жолында 35 жыл үздіксіз күрескен. 
Қазіргі тарихшы Шерефеддин Али-и Иездиннің «Зафарнама» атты еңбегіндегі деректерге қарағанда Әмір Темір 1336 жылы 9 сәуірде Қожа Ылғар ауылында дүниеге келген. Әкесі Барлас аймағының бегі Тарағай еді. Балалық және жастық шағының алғашқы кезеңі Шағатай мемлекетінің ыдырау кезеңіне дөп келіп, Мауренахар аймағы дау-дамайға толы болғандықтан Әмір Темір жайында деректер шектеулі ғана. Ұлы Әмірдің немересі Ұлықбек атасының мазары үстіне қойған көктастағы Темір отбасының түбірі жазылған басты кітапта Темірдің тегін Шыңғыс ханға тіреуде. Бірақ, Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы «хан» емес, «әмір» еді.
Әмір Темір де билік үшін күрес кезінде Шыңғыс хан сияқты адамгершілігі мол кісілермен достық және туыстық қарым-қатынас жасай отырып, билікті өз қолына алған.
Әмір Темір билік күресі барысында Шығыс Түркістан билеушісі Тұғлық Темірмен дос болуының нәтижесінде ата жұрты Кеш қаласының билеушісі болды. Әмір Қазағанның Тұғлық Темір мен Мауеранахр үшін күрес жүргізу барысында Әмір Темір әуелі Тұғлық Темірдің тарапында болған, кейіннен кейбір себептерге байланысты Хусейннің тарапына өткен және онымен туысқан (қарындасы Олжай Теркен ағамен тұрмыс құрған) болған. Мауеранахр және Қорасанда Хусейнмен бірге ұзақ уақытқа күрес жүргізілген.
Әмір Темір әскери әрекеттерін шыңғыс хан немесе басқа да түрік билеушілері секілді географиялық кезекпен (Шығыс-Батыс) жасамаған. Оның күрес аймағы Еділ өзенінің Бағдат, Шам, Измир қалаларына, Дешті-Қыпшақ Үндістанға дейін созылған. Жорықтары:

  1. Хорезм жорығы (1371-1379 ж.ж.)

  2. Монғолдар (Қашқар және Ыстық көл) және Дешті-Қыпшаққа жасаған жорықтары (1375-1380 ж.ж.)

  3. Хорасан жорығы (1380-1384 ж.ж.)

  4. Үш жылдық қорығы (1386-1388 ж.ж.)

  5. Тоқтамысқа қарсы жасалған бірінші жорық (1388-1391 ж.ж.)

  6. Бес жылдық жорығы (1392-1396 ж.ж.)

  7. Тоқтамысқа қарсы жасалған екінші жорық (1395-1396 ж.ж.)

  8. Үндістан жорығы (1398-1399 ж.ж.)

  9. Жеті жылдық жорық (1399-1404 ж.ж.)

10. Қытай жорығы (Осы жорық кезінде 1405 жылы 18 ақпанда 69 жасында қайтыс болған)
Темірдің жорықтары, басты дұшпандарының әлсіз және жалғыз болуымен тікелей байланысты, жаулары мен шарттарды үнемі өзіне қолайлы кезеңдерге таңдап отырған. Сонымен қатар ол жорықтары барысында қауіпті жағдайларда кері шегінген. Уақыт пен негіздің саяси болуына көңіл бөлген. Жауларының жасаған саяси және әскери қателіктерін пайдалана білген.
Әмір Темірдің жетістіктерінің нәтижесінде Түркістанда монғол билігінің орнына түрік билігі, Шығыс империясының орнына Темір империясы құрылған.
Темірдің жорықтары барысында бір аймақты жаулап алғаннан кейін сол аймақты әрі қарай жылжу немесе жаулап алған жерлерді кеңейту әрекеті байқалмайды. Бұл оның стратегиялық тұрғыдан мықты маман екендігін көрсетеді. Темірдің қол жеткізген табыстарының негізгі себептерінің бірі де осы ерекшелігі болуы керек. Алтын Орда және Анадолы жорықтарында осы ерекшелігін анық байқауға болады.
Әмір Темір қол жеткізген жеңістерінен соң Түркістанды, Самарқанды кеңейту үшін тер төккен. Мемлекеттің, әсіресе, астанасы болып табылатын Самарқанд қаласын ғылыми мен сауда орталығына айналдыру мақсатында жаулап алған жерлерінің халқын, байлығын, ғылым және өнер адамдарын Түркістанға жіберіп отырған.
Мұсылман ортада өскен және мұсылмандықты ұстанған Темір түрік және сонғол салт-дәстүрлерін енгізген, әсіресе Шығыс ханның заңдарын енгізуге көп көңіл бөліп, мұсылман бола тұра монғол заңдарын мойындағын. Мемлекет билігі түсінігі бойынша Темірдің де Оғыз қағанның «шатырымыз көк, туымыз күн болсын», Шыңғыс ханның «аспанда бір ғана күн мен ай болса, жер бетінде қалай екі билеуші болды»  деген ойын, яғни жаһан билеуші түсінігін ұстанғандығы байқалды. Темір жорықтарында осы ұстанымда болып, «Әлем екі билеушіге жететіндей кең емес. Тәңір біреу болса, сұлтан да біреу болуы тиіс» деген пікірді ұстанған. Әмір Темір сенген жиһан билеушісі түсінігін күнделікті өмірге енгізу мақсатында жорықтар ұйымдастырып, әскер құрамының алғы шегінде, яғни басында болған. 35 жыл бойы үздіксіз күрескен Әмір Темір артына 36 ұл, 18 қыз қалдырып, 69 жасында қайтыс болған. Темір орта бойлы, қарапайым киінетін, басында қалпағы бар мықты адам ретінде сипатталады. Шыңғыс ханмен орта тұтастарының көп болуына қарамастан, құрған империясы өзі қайтыс болғаннан аз уақыт өтер-өтпестен ыдырап кетті.
Әмір Темір әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатра сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөлдаладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қол өнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қоластындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғылым ойшылдары Әмір Темірдің тарапынан қолдау тапқандығын растайды.
Әмір Темірдің осындай аз уақытта әлемдік тарихта өзіндік ерекше орны бар мемлекет құра алуы, оның мемлекет қайраткері ретінде жеке қолбасшылық, дарындылық қаситтерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет