Бөлшектердің жабысып бірігуін және соның нәтижесінде дұрыс емес пішінді борпылдақ агрегаттардың түзілу процесі коагуляция деп аталады.
Жағдайлары:
Ұзақ уақытты диализ,
Электролиттік емес заттарды қосу
Жарық
Шайқау немесе араластыру
Электролиттердің әсері
Зольдердің коагуляциясы электролиттердің концентрациясының шегі жоғары болғанда басталады, оны коагуляция табалдырығы деп атайды (ммоль/л немесе мг-экв/л)
Коагуляция
Шульце-Гарди ережесі:
Зольдердің электролиттермен коагуляциясы барысында коагуляциялаушы ионның заряды коллоидты бөлшек ионының зарядына қарама қарсы болады, ал коагуляциялаушы ионның валенттілігі негұрлым жоғары болған сайын коагуляция табалдырығы төмендей береді.
𝜉- потенциал = 30 мВ
Коагуляция
Құбылыстар:
Дұрыс емес қатар
Электролиттердің біріккен әсері
Коллоидтық қорғау
Дұрыс емес қатар құбылысы
Коллоидтық жүйеге бөлшектердің зарядына қарама қарсы зарядты көпвалентті ионы бар электролиттерді қосу барысында байқалады.
Электролиттердің біріккен әсері
Құбылыстар:
Аддитивтілік
Антагонизм
Синергизм
Аддитивтілік
Зарядтары бірдей және қасиеттері жақын иондар көрсетеді (K +, Na+; Cl-, Br-):
Антагонизм
Ол AgI золінің Al(NO3)3 K2SO4 қоспаларымен немесе Na2SO4 қоспаларымен коагуляциялау барысында байқалады.
Синергизм
Бір электролиттің әсері екінші электролитті қосу барысында күшейген құбылыс.
Коагуляциялау барысындағы электролиттердің бірікке әсері
Коллоидты қорғау
Зольге белгілі бір жоғары молекулалық қосылыстарды енгізгенде золь тұрақты болатын құбылыс.