Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Дәріс тақырыбы №3. Педагогиканың әдіснамалық негіздері



бет16/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Дәріс тақырыбы №3. Педагогиканың әдіснамалық негіздері. 1. Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы жалпы түсінік. 2. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің логикасы мен құрылымы. 3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері.
Кілттік сөздер: әдіснама, диалектика, теория, таным теориясы, тұлға теориясы т.б
1. Педагогика ғылымының әдіснамасы туралы жалпы түсінік. Педагогика ғылымындағы “әдіснама” туралы түсінік. Әдіснама деңгейлері. Педагогиканың философиялық негіздері. заңдары, заңдылықтары. Диалектика заңдары. Таным теориясы. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. «Педагогика ғылымның әдіснамасы» түсінігі.
Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Ең алдымен “теория” педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және ол әдістеменің көмегімен табылған деректердің арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құрудың тәсілі яғни әдісі болып табылады. Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен әдіс-тәсілдер жүйесі, осы жүйені танудың жолы.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда теориялық болжамдар, мысалы, Д.И.Менделеевтің химиясы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердің ашылуын болжаған.
Нептун ғаламшарының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны көре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс-әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады. Қазіргі замандағы
ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулерге сүйенеді.
Таным теориясы - тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың әдіс-тәсілдерін іздестіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет