Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы


Эдвайзерлердің қызметі (қызметтік міндеттері)



бет35/67
Дата04.05.2023
өлшемі184,5 Kb.
#176015
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
Ä?ð³ñ òà?ûðûïòàðûíû? òåçèñòåð³. Ä?ð³ñ òà?ûðûáû ¹1. ?Ð æî?àðû á³ë

Эдвайзерлердің қызметі (қызметтік міндеттері)
1. Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.
2. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарын қалыптастырады.
3. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыста болады.
4. Топ студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен таныстырады. Университетте және факультетте өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі және факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды.
Эдвайзердің жауапкершілігі
Эдвайзер факультет деканы бекіткен, деканның оқу жұмысы және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен келісілген, оқу тобындағы оқу-тәрбие жұмысы бағдарламасының орындалуына жауап береді.
Дәріс тақырыбы№7. Жоғары мектеп дидактикасының негіздері. Жоспар
2. Жоғары мектеп дидактикасы туралы жалпы түсінік.
3. Оқыту мәні, құрылымы және функциялары.
4. Оқыту процесінің заңдылықтары мен принциптері.
1. Жоғары мектеп дидактикасы туралы жалпы түсінік.
Дидактика – оқытудың теориясы. Дидактика гректің «didaktikos» - оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданып оқыту өнері мәнін негіздеген. Дидактиканың ғылыми негізін салған чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып сабақ жүйесі туралы баяндалған. Жоғары мектеп дидактикасы негізгі екі сұраққа жауап іздейді: Нені оқыту? Қалай оқыту? Жоғары мектеп дидактикасының категориялары: оқыту, білім беру, оқыту әдісі, формасы, заңдылықтары, принциптері және т.б..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет