Ғылыми жетістіктері мен зерттеме нәтижелері: Ферми-Дирак пен Бозе-Эйнштейннің статистикасымен бірге аралық кванттық статистиканы комбинаторлық тұрғыда талдап-түсіндіруді ұсынды; Гиббовтық квазиканондық таратуды экстенсивті емес статистика ретінде қарастыруды енгізді; «Газ жағу өндірісіндегі Плазмохимиялық технология, ақпараттық қамтамасыз ету және турбуленттік сипаты» атты жобаны орындауда; ақпараттық технология бойынша ТЕМPUS бағдарламасына жоба ұсынды: «Сұйық қалдықтарды қайта
өңдеу мен металл кесу үшін газ өндіруде плазмохимиялық технологияны тәжірибелі-конструкторлы зерттеу», «Орталықтағы нетривиалды топологиялық жұлдыздар», «Наномедицинада қолдану үшін квантты нүктелердің өсуін бақылау әдісі».
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫ Институт құрамында сегіз зертхана бар: Компьютерлік лингвистика; Компьютерлік логика; Компьютерлік моделдеу; Интеллектуалды ақпараттық жүйелер; Интеллектуалды телекоммуникациялық жүйелер; Интеллектуалды робототехникалық жүйелер; Интеллектуалды оқыту жүйелері; Программалық инженерия.
Институт қызметкерлерінің келесі теориялық және практикалық нәтижелері бар: сөйлеуді автоматты өңдеуге арналған қазақ тілінің фонетикалық құрылымының математикалық моделі құрылды; морфологиялық талдауды автоматтандыру үшін қазақ тілінің морфологиялық ережелерінің математикалық моделдері құрылды; синтаксистік талдауды автоматтандыру үшін қазақ тілінің синтаксистік ережелерінің математикалық моделдері құрылды; электрондық оқулықтарды жасауды автоматтандыратын мемлекеттік стандарттар мен технологиялары жасалынды.
«ЕВРАЗИЯ» ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ Ғылыми жетістіктері мен зерттеме нәтижелері: ЕҰУ-дің Еуразиялық Одаққа нақты үлес қосуы Ресейдің жетекші университеттерімен, РФ ІІМ-нің Дипломатиялық академиясымен, Еуразиялық университеттер ассоциациясына енуі, Халықаралық жоғары ғылыми Академиялық мектеппен бірлесіп жүзеге асыру болып табылады. ЕҰУ жыл сайынғы Еуразиялық ғылыми форумдар өткізу орны болып саналады; орталық қызметкерлерінің қатысуымен «Еуразия зерттеулері» кафедрасы құрылды. Қазіргі кезде кафедра және орталықтың ғалымдарының арқасында халықаралық және пәнаралық сипатқа ие болды; бас әкімшілік-оқу ғимаратында Л.Н. Гумилевтің кабинет-мұражайы қызмет атқаруда, онда студенттер еуразия кеңістігі және еуразияшылдар туралы белгілі ғалымдардың дәрістерін тыңдайды; 2009 ж. «Ұлы қағанат» және 2011 ж.А. Сейдімбекке арналған «Естеліктер» кітабы жарыққа шықты; «Казақстан тарихы» және «Этнология» оқу құралдары жарыққа шықты.