3.Ойындар Жоғарғы мектептің процесінде қолдануға тиімді ойындардың ішінен келесідей түрлерін қарастиырып кетуді ұйғардық:
1. Рөлдік ойындар 2. Іскерлік ойындар А) Іскерлік оқу ойындары
- саяхат ойындары
- блиц ойындары
Ә) Өндірістік ойындар
3. Имитациялық ойындар Рөлдік ойындар Рөлдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Педагогикалық саласында зерттеу жүргізетін ғаламдардың басым көпшілігі оқу\оқытудың ойын әдістерін кәсіби дамуды қамтамасыздандырудағы ең тиімді әрі
болашағы зор тәсілдер деп есептейді. Өйткені іс-әрекет арқылы үйрену\үйрету – танымның ең тиімді тәсілі екендігі баршаға аян: адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөлдік ойындар студенттердің өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманы солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз “қолдарымен” жасауды меңзейді.
Бұл әдіс студенттерде жинақталған теориялық білімдерін өмірде ұстанатын құндылықтарды ерін түрде меңгеру және қолдану дағдыларын қалыптастырды.
Рөлдік ойындарда студент өзінің ториялық білімдерін өмірде (практикада) кездестетін ситуациялар мен жағдайларда қолданады. Ол мұндай ойындарда проблемалардың мазмұны мен мән-жайын дұрыс түсінетіндігін көрсетеді, олардың шешу жлдарын қарастыру арқылы өщінің шығармашылық (креативтік) деңгейін дамытады.
Рөлдік ойындарды жүргізу алдындаоқытушының әдістемелік тұрғыдан жан-жақты дайындалуы шарт, ол әсіресе келесі мәселелерді алдын-ала мұқият талдап алуы керек: - ойынды өткізудің әдістемесі (ойын шарттары мен ережелері, мақсаттары, кезеңдері, қатысушылары, т.б.); - ойынның мүмкін нәтижелерін болжау; - ойынның нәтижелерін қорытындылау. Рөлдік ойынның бірінші түрі студенттердің қандай да бір берілген тапсырмаларды орындау барысында топ ішінде рөлдерге бөлініп, сол рөлдердің ерекшеліктеріне сәйкес әрекеттер атқаруды меңзейді.