Гуманистік парадигма. Оқушының интеллектуалдық қажеттіліктерімен аралық қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамыту. Өмірге бейімдеу арқылы жеке тұлғаның өсуіне жағдай тудыру. Адамға өзін-өзі, шындықты тануға деген жолды көрсету.
Білім беру мазмұнын жаңарту: жеке тұлғаға негіздеу; құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам идеясы; зерттеу, жоба, өздігінен білім алу әдістерін қолдану; таңдау мүмкіндігі; экономикалық білім; шет тілін меңгеру; ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану; жоғары сыныпта кәсіби оқыту; қоғамның рөлін күшейту (ата-ана).
Жаңашыл мектепте білім беру мазмұнын жаңарту не арқылы іске асады? жаңа технология, әдіс, құрал, форма; бағдарлама, жоспар, оқулық; педагогикалық жүйе; конференция, олимпиада, интеллектуалды сайыстар.
Нәтижеге бағытталған білім беру моделі (ООР): Компенттілік (құзіреттілік) – меңгерген білімі мен тәжірибесін әр түрлі өмірлік жағдайда қолдана алу қабілеттілігі.
Білім беру парадигмаларының сипаттамалары
Классикалық
парадигма
|
Жаңа парадигма
|
Білім берудің негізгі міндеті: өскелең ұрпақты дайындау
|
Білім берудің негізгі міндеті: жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру жағдайын қамтамасыз ету
|
Адам - қарапайым жүйе
|
Адам - күрделі жүйе
|
Білім - өткен шақ тәжірибесінен («еске алу мектебі»)
|
Білім – болашаққа бағдар («ой-өріс мектебі»)
|
Білім беру – білім, білік, дағдылардың белгілі үлгілерін оқушыға беру
|
Білім беру - адам өз санасында әлем бейнесін жасау оны пәндік, әлеуметтік, рухани мәдениетпен ұштастыруы
|
Оқушы – педагогикалық ықпал ету обьектісі
|
Оқушы – танымдық іс-әрекеттің субъектісі
|
Субъект-объектілік, педагог пен оқушының монологиялық қатынасы
|
Субъект-субъектілік, педагог пен оқушының диалогтық қарым- қатынасы
|
Оқушының “жауап берушілік”, репродуктивті іс-әрекеті
|
Оқушының белсенді, шығармашылық іс-әрекеті
|
Достарыңызбен бөлісу: |