Дәріс тақырыптарының тезистері. Дәріс тақырыбы №1. ҚР жоғары білімнің даму стратегиясы



Pdf көрінісі
бет15/181
Дата17.05.2020
өлшемі1,5 Mb.
#69256
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   181
Байланысты:
downloadPdfUmkd
downloadPdfUmkd, test 8 2, общ тероия 3 саб
ТЕМПУС БАҒДАРЛАМАСЫ 
 
 Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  Ұлыбританиядағы 
халықаралық  тәуелсіз  рейтинг  агенттігі  «QS  –  World  University  Rankings» 
бойынша  әлемдік 17  мың  университеттің  ішінен  2009  жылы  – 600-дікке,  2010 
жылы – 500-дікке кірген болатын. Сонымен қатар, 2014 жылы ТОП-400 ең үздік 
университеттің  құрамына  кірді.  Бұл  рейтинг  –  ЕҰУ-дың  Орталық  Азия 
аймағындағы  ең  үздік  университет  екенін,  ал  ТМД-дағы  осы  деңгейдегі  5 
университеттің  бірі  екенін  айқындайтын  көрсеткіш.  Біздің  алдымызда  жүз 
жылдан  астам  тарихы  бар  Мәскеу,  Санкт-Петербург,  Томск  университеттері 
мен елу жылдан астам тарихы бар Новосібір мемлекеттік университеті тұр.  


 
 
ЕҰУ-да  еуропалық  жоғары  оқу  орындарымен  тығыз  ынтымақтасу 
«Эрасмус  Мундус»  және  «Темпус»  сияқты  Еуропалық  Одақтың  білім  беру 
бағдарламалары  шеңберінде  жүзеге  асады.  Бүгінгі  таңда  Л.Н.  Гумилев 
атындағы  ЕҰУ  отандық  ЖОО  арасында  «Темпус»  бағдарламасына  қатысу 
көрсеткіші жөнінен алдыңғы орынды иеленеді. 
ТЕМПУС  –  Еуропа  Одағының  (ЕО)  Шығыс  Еуропа,  Орта  Азия,  Батыс 
Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді 
жетілдіру  үрдістерін,  көбінесе  жоғары  білім  беру  орындары  арасындағы 
ынтымақтастық  жобаларын  іске  асыру  арқылы  қолдауға  бағытталған 
бағдарламаларының бірі. 
2012  жылдың  желтоқсанында  Еуропалық  комиссия  тарапынан  Орталық 
Азия  аймақтарына  арналған  ТЕМПУС  IV  жобасын  қаржыландыруға  байқау 
жарияланған  болатын.  Күрделі  байқау  жобасы  нәтижесінде  Л.Н.  Гумилев 
атындағы  ЕҰУ  Еуропалық  комиссия  тарапынан  қаржыландыруға  іріктелінді.  
Жобаның  жалпы  бюджеті  1  300  000  еуроны  құрайды,  жобаның  бас 
үйлестірушісі  Барселонаның  Автономды  Университеті  (Испания)  болып 
табылады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет