Студенттер өздеріне тапсырылған жұмысты қалайша орындағандығы,
теориялық мәліметті қалайша меңгергені және дамытқандығы туралы бір-біріне
айтып беріп, атқарылған жұмыс жөнінде өз пікірлерін келтіреді.
- Жариялау және топтық талқылау.Студенттер шағын топ ішінде өз
жұмысы жайлы әңгімелеп немесе жұмыстарын бір-біріне оқып беріп, білгені
мен үйренгенін ортаға салады, өзара пікір алмасады (6-10 минут).
- Бағалау.Студенттердің орындаған жұмыстарын оқытушы жинап алып,
келесі сабақта оларды рецензиялап, баға қойып келетіндігін ескертеді. Бағалау
жұмысын (баға қою емес, бір-бірінің жұмыстарын рецензиялау мен пікір
жазуды) студенттердің өздеріне де тапсырған орынды.
Оқытушы бұл жұмыстардың келешекте студенттердің порт-фолиосында
болуы керектігі туралы ескертеді.
- Үй жұмысы. Оқытушы студенттерге қосымша дерек көздерімен
(әдебиет, БАҚ, Интернет, ТВ, басқа мамандар) жұмыс жасап, сабақта
атқарылған жұмысты дамытып, тереңдететін жазба жұмысын (мәселен, 3-5
беттік эссе немесе кесте, схема, график, жоспар. т.б. түрінде) келесі сабақта
өткізуді тапсырады.
- Кері байланыс. Оқытушы бірнеше студенттен сабақтың қалайша өткендігін
(«Ұнады - ұнамады, Пайдасы бар - пайдасы шамалы.Үйрендім - үйренбедім»
тұрғысында) туралы пікірлерін сұрайды
Достарыңызбен бөлісу: