жауапкершілікті мойындарына жүктеуі қажет. Қатысушылар «әрі қарай не
істеуі керек? Қалайша таңдау жасаймыз? Оның салдары қандай болуы мүмкін?»
деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз әрекеттерін жоспарлайжы.
- Оқиғалардың шешімі. Бұл жерде де қатысушылар өздігімен таңдау
жасап, шешім қабылдайды.
- Ойынды аяқтау.
Ойын аяқталғаннан кейін оның логикалық қорытындысы қандай болуы
керек? Мәселен, студенттер өз ойындары бойынша жаңа сценарий жазып,
қажет болған жағдайда оны басқа студенттердің алдына ойнап беруі де мүмкін
немесе олар сценарийлерді жинақ түрінде басып шығарады.
4. Ойыннан кейін. Қатысушыларға ойын туралы өз ойларын білдіру
мүмкіндігін ойын аяқталысымен берген орындар. Ол үшін студенттерді шағын
топтарға бөліп, келесідей сұрақтарды талқылауды тапсыруға болады:
- Бұл ойында өздеріңіз үйренген және білгендеріңіздің ішінде ең
маңыздысы қандай жәйт болды?
- Бұл тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді?
- Бұл ойынның шынайы өмірден қандай айырмашылығы бар?
Талқылауға жеткілікті уақыт берген дұрыс (15 минуттан 30 минутқа
дейін). Әр топ өз ойларын плакатқа түсіріп, содан кейін жариялайды: қабырғаға
іліп, қорғайды, сұрақтарға жауап береді.
Ауызша талқылаудан соң студенттер өздерінің ойында қандай тәжірибе
иеленгендігі туралы жазылу қажет.
5. Ойынның студенттері қандай білік пен дағдыларға үйрететіндігіне
байланысты нәтижені бағалайтын жүйе жасау керек. Бұл жүйе әр студенттің
жетістіктері мен оқытушы дұмысының тиімділігін бағалау мүмкіншілігін
береді.
Достарыңызбен бөлісу: