Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін



бет27/39
Дата07.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156875
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
дәріс тезисі

20-21 Дәріс тақырыбы: Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық- азаттық күресі.
21- Қазақ мәдениеті.
22- «Алаш» қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы.
Жоспар:
Ресей империясындағы революциялық жағдайдың шиеленісуі, алғашқы орыс революциясының қазақ демократиялық интеллигенцияның қалыптасуына және оның саяси партияларының құрылуына тигізген әсері мен 1917 жылғы Ақпан және Қазақ революцияларының себептері мен ерекшеліктерін анықтау.


Дәріс тезисі:
1. 1914 жылдың тамыз айында басталған бірінші дүниежүзілік соғыс, оған Ресейдің кірісуі, Қазақстан халықтарына ауыр жүк болды. Қазақстан майданға нан, ет, май, мал, жемшөп, арба, киіз үйлер және т.б. тауарлар жіберді. Салық көлемі 4 есе өсті. Жұмысшылар жетіспеді, майданға қоныс аударғандарды да әкетті.бұл әрекет олардың арасында наразылық туғызып, бүлікке әкелді. Өндіріс саласындағы жұмысшылардың да жағдайы мәз болмады. Жұмыс күні 14 сағатқа дейін ұзарып, жалақы азайды. Осының салдарынан Рудный, Алтай, Жезқазған, Қарсақбай, Қарағанды, Екібастұз өнеркәсіптерінде, теміржол жұмысшылары 1915-1916 жылдары көтеріліске шықты. Әсіресе, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы өте ауырлады. Өкімет орыс офцерлерін, шенеуніктердің, христиан басшыларының және орыс шаруаларының пайдасына қазақтың жерлерін таратуды тоқтатқан жоқ. Өлкедегі саяси жағдай қауіпті болды. Өлкедегі саяси жағдай қауіпті болды.
Халықтың көтерілісіне ақ патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Жарғысы түрткі болды. Құжат бойынша 18-43 жас аралығындағы жергілікті халық тыл жұмысына шақырылған болатын. Шақыру дәл ауылшаруашылық жұмыстарының науқанына келген және тізімге алынғандардың жасымен айлалы әрекет жасау қазақ қауымын көтеріліске әкелді. Қазақтар патша билігіне қарсы шықты. Негізгі көтеріліс ошақтары Жетісу мен Торғайда болды. көтеріліске шыққандар әкімшіліктерді, патша станцияларын өртеп, телеграфтарды бүлдіріп, жазалаушы отрядтарына батыл қарсылық көрсетті. Білік күрескендерге қарсы қатал әдістер қолданды – жаппай түрде қамауға алу, дала әскери соттар тергеусіз дереу үкімдер шығарып, жазалаған, өлім жазасына берген.
Жетісуда халық көтерілісін Т.Бокин мен Б.Әшекеев басқарды. Өкінішке орай, бой көтергендердің арасында ұйымшылдық болмағасын және стияхиялық тұрғыда жүрген көтеріліс 1916 жылы күзінде жеңіліске әкеп соқтырды. Түркістан генерал-губернаторлығы Куропаткиннің мәліметі бойынша 1917 жылы 1 ақпанда өлім жазасына 347 адам кесілді, каторга жұмысына 129 адам отырғызылды, ал тергеусіз, сотсыз жазалағандардың тізімі сақталмаған. Көтерілістің негізгі ошағы енді Торғайға ауысты. Торғайға А.Иманов пен А.Жангелдиннің қол астына 50 000 адам жиналған. Дұрыс жүргізілген әскери басқарудың арқасында қабілетті әскер құрылдыф. Оларға қарсы жіберілген жергілдікті жазалаушылар жеңіліп қалды. Сондықтан, патшаның бұйрығы бойынша Торғай даласына майданнан шықырылған ерекше полк жіберілді. Сонда да көтеріліс жеңілмеді, ол ақпан революциясымен ұштасып кетті.
1916 жылы қазақтардың көтеріліс отарлыққа қарсы, ұлт-азаттық бағытта болды. оның неегізгі қозғаушы күштері қазақ шаруалары болған патшалықтың қатал әсекеттеріне қарамай, көтеріліс қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін табанды күреске дайын екенін көрсетті. 1916 жылы көтеріліс С.Датұлы, М.Өтемісұлы, мен И.Тайманұлы, К.Қасымұлы бастаған көтерілістер қатарында тұрғаны сөзсіз.
2. І дүниежүзілік соғыс Ресей империясына саяси, экономикалық, әлеуметтік жағына өте ауыр тиді. 1917 жылы ақпан айына қарай мемлекет революциялық жағдарысқа ұшырады. Патша тағынан айырылды. Ресейде буржуазиялық демократиялық революция жеңді. Бірақта революция қоғамда орын алған мәселелерді шеше алмады, жаңа билік осал болып шықты. Мемлекетте қос билік құрылды. Жағдайды пайдаланған большевиктер 1917 жылы 25 қазанында билікті өз қолына алды. Ресейде социалистік революция жарияланды.
Қазақстанда Кеңестер билігі 1917 жылы қазан айынан басталып 1919 жылы наурыз-сәуір айларынан арасында орнады. Жаңа саяси тәртіптік орнауы басталған азамат соғысына ілікті. Қазақтардың ұлттық мемлекет құру арманы орындалған жоқ. Большевиктер унитарлық мемлекет құра бастады.
Сонымен 1917 жылы революциялардың салдарында Ресей мемлекетінде қоғамның саяси жүйесі және саяси тәртібі күрт өзгерді.
Кеңестер билігі большевиктердің саяси бағдарламасын іске асыра бастады. Қазақстан Кеңестер мемлекетінің құрамына кірді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресей империясының саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайын күрт төмендетті. Ресей революциялық дағдарысқа ұшырпады. Патша бұл жағдайдан шығу жолын таппай, тағынан айрылды. Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңді, билікке буржуазия келді. Құрылған Уақытша өкіметті А.Ф.Керенский басқарды.
Ақпан революциясын халық қуана қарсы алды. Демократиялық тұрғыдағы интеллигенция өз арманын іске асыруды көздеді. Жергілікті Уақытша өкімет органдары қазақ зиялы қауым өкілдері басқарды.
Ақпан революциясын халық қуана қарсы алды. Демократиялық тұрғыдағы интеллигенция өз арманын іске асыруды көздеді. Жергілікті Уақытша өкімет органдары қазақ зиялы қауым өкілдері басқарды. Қатарымкен казак, мұсылман қазақ, татар комитеттері құрыла бастады. Ірі қалаларда жұмысшылар большевизм идеясын насихаттап жұмысшылар комитеттерін құрған. Олар болашақ кеңес билігіне ұйытқы болды.
1917 жылы көктемнен бастап съездер (құрылтайлар) өтті, олар қазақстанның болашағын талқылады. І съезд 1917 жылы 21-26 шілдесіенде Орынборда өтті. Онда “Алаш” партиясы жарияланды, оның басшысы болып А.Бөкейханов тағайындалды.
Бірақта ақпан революциясы алдына қойылған мақсаттарын іске асыра алмады. Уақытша биліктің абыройы болмады. Большевиктердің ұрандары “Барлық билік Кеңестерге!”, “Жерді шаруаларға, зауыттарды жұмысшыларға!” халыққа ұнамды болды.
1917 жылы 25-нен 26 қазанға қараған түнде Петроградта большевиктер билікті өз қолына алды. Уақытша өкімет құлады. 26 қазан 1917 жылы жаңа билік өзінің алғашқы Декреттерін жариялады – “Жер туралы”, “Бейбітшілік туралы”. 1917 жылдың 3 қарашасында “Ресей халықтарының құқықтары туралы” Декларация жарияланды, онда барлық халықтардың теңдігі, әр халық өз ттағдырына ие, сондықтан дербес болуға құқылы деп жазылған. 20 қарашада Кеңестер өкіметі “Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандар қауыма” деген үндеуінде барлық ұлттық мекемелерді, мәдениетті, әдет-дәстүрлерді, дінді дербес деп көрсетті. Ресейде социалистік революция осылай басталды.
Кеңестер билігі Қазақстанда бүкіл Ресейдегі сияқты 1917 жылы қазан-қарашасынан 1918 жылғы наурыз-сәуір арасында орнады. Ұлттық тұрғыдағы қазақ интеллигенциясы “Ресей халықтарының құқықтары туралы Декларацияға” арқа сүйеп ұлттық автономия құру басталды. 1917 жылы 26-27 қарашасында мұсылмандардың төтенше құрылтайы Коқан қаласында Түркістан автономиясын жариялады. Басында төрағасы М.Тынышпаев болса, кейін М.Шоқай тағайындалды. Бірақта, 1918 жылы ақпан айында большевиктер жас автономияны талқандап тастады.
1917 жылы желтоқсанда өткен ІІ қазақ съезі Орталық Ресецйден Қазақстанға жаңа билікті орнату үшін көмекшілер жіберілді. Олар, П.Кабозев, Ә.Жангелдин, В.Ченмарев және т.б. қазақ арасынан Кеңес билігін орнатуға белсенді түрде қатысуға шыққандардың қатарында С.Сейфуллин, Т.Бокин, А.Иманов, О.Жандосов, Ә.Әйтиев және т.б. тұрды. Басқа ұлттардың өкілдерін айтсақ, олар – А.Розыбакиев, П. Виноградов, Л. Емелев, В.Зинченко және т.б.
Кеңестер билігі бейбіт жолымен де қарумен орнатылды, ол қалыптасқан жағдаймен байланысты болды. мысалы, орынболр, Орал, Жетісу аймақтарында конрреволюция бой көтерсе, Перовск, шымкент, Әулие-ата, Түркістан, Қазалы, Арал, Петропавл мекендерде революцияны қолдаушылар басымды болған. Жаңа билікті орнатуға жұмысшы табы зор үлес қосты. Солтүстік-шығыс аймағында (Көкшетау, Семей, Павлодар, Өскемен, Семей) Кеңес үкіметі үшін қан төгілді.
Торғай, Ақтөбе, қостанай аймағында жаңа биліктің орнауы қиынға түскен жоқ. Ал Жетісуда қазақтардың қарсылығы тең 1918 жылы наурыздың басында ғана большевиктерге жеңіс әкелді.
“Алаш” автономиясын жариялап, А.Бөкейханов басқарған “Алаш орда” өкіметін құрды. Мәскеу оларды мойындамағасын, “Алаш Орда” контрреволюциямен қызметтес болды. Большевиктерге қарсы күрестің болашағы жоқ екенін түсінген “Алаш орда” кеңестер жағына шықты. 1919 жылы желтоқсан айында 1920 жылы наурыз айында Кеңестер билігі “Алаш Орданы” тарқатып жіберді.
Сонымен, Кеңестер билігі күрделі жағдайда орнады, жаңа билікті зиялы қауым бірден қабылдаған жоқ, кейбір кезде большевиктер күш қолданып, қысым жасады. Қатардағы қазақтар жаңа билікті басқару процесін де түсінді.
1917 жылы ақпан революциясы ұлттық интеллигенцияны белсенділікке тартып, саяси құрылысқа жол ашты. Құрылған “Алаш” партиясы, 1917 жылы 21 қарашасында “Қазақ” газетінде өзінің саяси бағдарламасын жариялады. Партияның негізгі мақсаты – қазақ мемлекетін автономия дәрежесінде құру еді.
1917-1918 жылдардағы оқиғалар қазақ халқы өзінің көздеген мақсатына жете алмағандығын көрсетті. Қазақстан Ресейдің үстемдігінен шыға алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет