Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1,2 дәріс Тақырып: Психологияға кіріспе. Психологиядағы әдістерді жіктеу



бет40/62
Дата07.10.2022
өлшемі0,91 Mb.
#152050
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62
Байланысты:
Ä?ð³ñ òåçèñòåð³ ¹ àïòà Ä?ð³ñ òà?ûðûáû æ?íå òåçèñòåð Ñà?àò ê?ëåì³

1.3 Ес туралы жалпы түсінік
Ес - бұл бейнелеудің интегралды іздік формасы. Ол кез-келген психикалық процестің негізінде жатыр. Ес психикалық өмірді ұйымдастырудың негізгі формасының бірі болып табылады. Есті танымдық процестердің ядросы деп атайды.
Шығуы бойынша естің екі түрін ажыратады: генетикалық (тұқым қуалайтын) және өмір кезіндегі ес. Өмір кезіндегі еске қозғалыс, образдық (көру, есту, кинестетикалық және т.б.), эмоционалды, символикалық (сөздік, логикалық) және еріктік ес кіреді.
Ақпаратты сақтау ұзақтығы бойынша естің келесі деңгейлерін ажыратыды:
1) Кенеттік ес сезу мүшелерінің инерциялығымен байланысты. Бұл ес ерікті басқаруына келмейді. Кенеттік есте бейне константты емес - бұл қабылдау бейнесі емес, түйсік бейнесі. Кенеттік ес әлемнің бірегейлі қабылдауын қамтамасыз етеді;
2) Қысқа мерзімдік ес. Бұл жерде зейіні аударылған ақпарат сақталынады. Ақпарат өзгерілмейтін күйінде қалмайды, ол өңделеді және интерпретацияланады. Қысқа мерзімді ес үшін қайталау мен символизация арқылы ерікті басқару мүмкіншілігі бар. Қысқа мерзімді ес көлемі – 7±2;
3) Аралық (буферлік) ес – қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді ес арасындағы аралық инстанция болып табылады. Бұл жерде ақпарат ұзақ мерзімді еске аудару мүмкіндігі келгенше сақталынады. Буферлік ес тазалануы мен күн бойы жиналған ақпартты категоризациялау ұйқы кезінде іске асады;
4) Ұзақ мерзімді ес ақпаратты сақтау көлемі мен уақыты бойынша шектелмелген. Бірақ ақпарат кейде дер кезінде шығарып алынбауы мүмкін. Ақпараттың қол жетімділігі сақтау ұйымдастыруымен анықталады. Ұзақ мерзімді есте ақпарат сақтаудың екі типі бар: ақпаратқа ерікті рұқсат (ақпарат үзіліссіз түрленеді) және ерікті рұқсатсыз (ақпарат айнымас күйінде сақталынады).


1.4 Естің физиологиялық механизмдері, ес процестері, мнемалық іс-әрекеттің заңдылықтары


Естің физиологиялық механизмдері: Қысқа мерзімді естің физиологиялық механизмдерін қарастыратын бірнеше теориялар бар. Тұйық нейрондардың қатар тіршілігін қуалайтын морфологиялық мәліметтердің негізінде нейрондардың тұйық жүйесі бойынша импульстардың реверберация (дыбыстың жаңғырып барып бәсеңдеп өшуі) теориясы ұсынылды. Бұл теория бойынша түсетін ақпаратты нейрондық қақпан аталынатын субстрат сақтайды, ол нейрондық қақпан нейрондардың қатарынан құрылғаны сондай сақиналық байланыстар бойымен қозудың циркуляциясын қамтамасыз етеді. Егер реверберациялық қатарды құрған сияқты импульсация бір нейронға түсетін болса, есте сол іздердің бекітілуі пайда болады. Қайталанатын импульсацияның болмауы немесе реверберация қатардағы нейрондардың біріне тежеу импульстың келуі реверберацияның тоқтатылуына, ұмытуына әкеліп соғады.
Естің электротоникалық теориясы қысқа мерзімдік есті синапс арқылы жүйке импульстерінің өту кезінде дамитын спецификалық құбылыстар арқылы, және оларда бірнеше минут не сағат бойында тіркелінетін, қатаң белгіленген синапстер арқылы импульстердің өтуін жеңілдете алатын электротоникалық потенциалдардың дамуымен түсіндіруге болатынына негізделеді. Орталық жүйке-жүйенің (ОЖЖ) кез-келген деңгей нейрондарының күшті тітіркенуі бұл нейрон қозуының өсуімен және тітіркенудің тоқталуынан кейін импульстің ұзақ белсенділігінің дамуымен білінетін құбылысына жиі әкеліп соғады
Ұзақ мерзімді естің физиологиялық механизмдері тек импульстардың циркуляциясы немесе бөлек нейрондардың электрофизиологиялық сипаттардың өзгерістеріне негізделе алмайды. Ағзаға түрлі әсерлер (гипоксия, наркоз, суыту, ұйқы) сақиналық реверберация байланыстарды бұзуы және нейрондардың қозуын төмендетуі мүмкін. Ақпараттың алып мөлшеріне қарамастан ұзақ мерзімді есте айнымас күйінде сақталынады.
Анатомиялық теория бойынша есте ақпаратты сақтау жаңа терминалды талшықтардың құрылуы, олардың форма, өлшемнің өзгерісі арқасында, басқа нейрондармен байланыс орнататын нейрондардың дендриттерінде ысылдау құрылғының дауы арқасында жүзеге асады.
Ұзақ мерзімді ес механизмдерінде бас ми нейрондарында ДНК мен РНК молекулалар құрылымының қайта құрылуы маңызды рөл атқаратынын енді толық сенімділікпен айта аламыз.
Ұзақ мерзімді естен ақпаратты шығару жылдамдығы келесі факторларға тәуелді:

  • кластың ауқымынан (таңдау жүзеге асырылатын альтернативалардың мөлшерінен);

  • ақпараттың құндылығынан;

  • адамның бағдарынан;

  • логикалық категоризациясынан.

Ұзақ мерзімді есте ақпаратты сақтауды анықтайтын факторлар: мәліметтің әдеттілігі; контекст; кодтаудың спецификалық принципі; түрткі; зерттелінетін материалды тереңдетуі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет